
Астанадағы халықаралық көрме инвесторлар мен кәсіпкерлер арасындағы алтын көпір деп баға берген ол өз елінде судан энергия алу жақсы жолға қойылғанын әңгімеледі.
«Кения 10 000 МВт құрайтын геотермалды ресурстарға ие, осы уақытқа дейін оның 632 МВт кәдеге жараған. Онда орнатылған электр энергиясының қуаты 2 341 МВт құрайды. Оның ішінде су энергетикасына 36 пайыз, термалды энергияға 35 пайыз, геотермалды энергияға 28 пайыз және жел энергетикасына 1 пайыз тиесілі. Сондай-ақ, біз жел, геотермалды, күн және су энергетикасы сияқты жаңғырмалы қуат көздерінің бірқатар ресурстарына иеміз. Су энергетикасынан өзге энергия көздері толық қолданылмаған. Аталған ресурстарды енгізу және өңдеу инвестициялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі», деді Крис Каптоо. Оның сөзінше, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу жаңғырмалы энергия көздерінің дамуына оң нәтиже береді және екі ел мен өзге де қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастық қарым-қатынастарды жетілдіруге тың серпін болады.
Жиында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев халықаралық мамандандырылған көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы заманауи әлем үшін өзекті әрі маңызды екендігін тілге тиек етті. «Кенияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы қос тараптың өзара сенім деңгейін көрсетеді. Қазақстан Кения елімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделі. Мемлекеттің ұлттық күні екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда жаңа мүмкіндіктер ашатындығына кәміл сенемін», деді ол.
Асхат РАЙҚҰЛ, суреттерді түсірген Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан»