Спорт • 31 Тамыз, 2017

Атырауда тай боксынан кəсіпқой жарыс өтеді

35 реткөрсетілді

3 қыркүйек жауынгерлік өнердің жанкүйерлері үшін ерекше күн болмақ. 

Атырауда белгілі қазақстандық ғалым Əмен Аманқұловты еске алуға арналған муайтайдан халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар Бразилия, Тайланд, Ресей, Австрия, Оңтүстік Африкадан келетін қарсыластарымен сынға түседі.

- Біздің спортшылардың қарсыластарының бəрі тəжірибелі сарбаздар, өз елдерінің чемпиондары, жекпе-жек қызықты өтері сөзсіз, - делінген облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының хабарламасында. ъ

- Атыраулықтар жақында өткен Atyrau Sport Fest 2017 спорт фестивалінен жақсы əсер алды, сол үрдісті жалғастырып, жауынгерлік өнерге қызығушылық білдіретіндер үшін тағы да мереке сыйлағанды жөн көрдік.

Турнир ұйымдастырушылары - Атырау облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасы, ҚР муайтай федерациясы "Елухан" кəсіби клубы, ҚР муайтай федерациясы Атырау филиалы.

Турнир жергілікті уақытпен 18.00-де Мұз сарайында басталады. Кіру тегін.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар