Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017

Инвесторлар тарту жұмыстары жетілдіріледі

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы Қазақстан экономика­сының шетелдік бизнес өкілдерінің инвестиция құюға қолайлы секторларын таныстыру рәсімін өткізді. Оған Қазақстандағы елшіліктердің экономикалық мәселелерге жауап беретін мамандары қатысты. 

Инвесторлар тарту жұмыстары жетілдіріледі

Атап айтқанда, таныс-тырылымда Сауд Ара­бия­сы, Ливия, Оман, Лит­ва, Ватикан, Палестина, Иран, Аустрия, Польша, Бела­русь, Нидерланд, Түркия, Венгрия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Чехия, Үн­діс­тан, Ирак, Тәжікстан, Гер­­мания, Бразилия, Фин­ляндия және Швеция ел­дерінің өкіл­дері болды. 
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төра­ға­­сы­ның орынбасары Нұр­сұлтан Жиенбаев Қазақстандағы инвестициялық ахуалға ке­ңінен тоқталып, ха­­лықаралық Doing Business қаржылық корпо­рациясының рейтингі бойынша Қазақстан қазір бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша әлемнің 190 елінің арасында 35-ші орын алатынын айтты. Соның ішінде «Миноритарлық инвесторларды қорғау» бойынша 3-ші, «Контрактілердің орындалуын қамтамасыз ету» көрсеткіші бойынша 9-шы орында екені жеткізілді. 

Шетелдік инвесторларға барлық аймақтарда «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетіледі, мемлекет тарапынан жасалатын қол­­даулар көп, олардың арасында салықтық преференциялар да бар, деді ол өзінің сөзінде. Эко­но­миканың шетелдік инвес-тиция құюға тартымды секторларының қатарында Н.Жиенбаев машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, химия, инфрақұрылым, тау-кен, металлургия секторларын атады.     

Таныстырылым аясында елшіліктердің өкілдері Н.Жиенбаевқа сауалдармен қатар ұсыныстарды да жасады. Мәселен, біздің елдерімізде ШОБ өкілдері де Қазақстанға келуге қы­зы­ғушылық танытар еді, соларға арнайы жеңілдіктер ұсынсаңыздар дұрыс болар еді деген пікір де айтылды. 
Кездесуді қатысушылар пайдалы болды деп баға­лады. 

Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»