Бокс • 01 Қыркүйек, 2017

ӘЧ-2017. Абылайхан Жүсіпов – қола жүлдегер (ВИДЕО)

26 реткөрсетілді

Ол жартылай финалда өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовтан жеңілді.

Бүгін бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесінің екінші күні басталды. Кешегі жарыс күнінде төрт боксшымыз шаршы алаңға шығып, Қайрат Ерәлиев (56 кг) пен Аманқұл Әбілхан (75 кг) финалдық айқасқа өткен болатын.

Жартылай финалдың екінші күнінде 69 килодағы отандасымыз Абылайхан Жүсіпов 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы Азия чемпионы өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовпен жұдырықтасып, ұпай саны бойынша есе жіберді. Қос боксшы жарты жылда екінші рет кездесті.

Бір-біріне жақсы таныс көне қарсыластар алғашқы раундты өте сақтықпен бастады. Екеуі де қорғанысқа аса қатты көңіл бөліп, реті келгенде шабуылдап жатты. Дегенмен, Абылайхан бірінші раундта қарсыласына қарағанда анық соққыларымен көзге түсе білді.

Екінші раундта да боксшылар өздеріне оңтайлы сәтті күтіп, ара-арасында соққы жасаумен болды. Үшінші раундта отандасымыз қарсыласына қарағанда ширақ қимылдап, анық соққы жасаған болатын. Алайда, төрешілер жеңісті кубалық боксшыға берді. Есеп – 1:4.

Айта кетейік, Абылайхан үшін бұл Гиясовтан Азия біріншілігінің финалында кеткен есесін қайтаруға тамаша мүмкіндік болған еді. Алайда, Жүсіпов бұл жолы да Шахрамнан айласын асыра алмады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар