Футбол • 02 Қыркүйек, 2017

Любиша Тумбакович: Қазақстан құрамасы кемінде бір гол соғуы керек еді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Черногория ұлттық құрамасының бас бапкері Любиша Тумбакович Қазақстан құрамасына қарсы өткен матчтан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Любиша Тумбакович: Қазақстан құрамасы кемінде бір гол соғуы керек еді

- Кеше матч алдында Қазақстан құрамасы жаңа бапкердің тұсында жаңа бір деңгейге көтерілгені туралы айттыңыз. Шын мәнінде ұлттық құрамамыздың ойынынан прогресс байқадыңыз ба?

- Білесіз бе, бұл жерде мәселе бапкерде емес ойыншылардың мотивациясында болып тұр. Біздің жағдайымызда жігіттер топта жоғарыдан көрінгісі келеді. Ал Қазақстан құрамасынан мұндай жігерді байқамадым.

- Матч осындай ірі есеппен аяқталуы керек еді деп ойлайсыз ба?

- Жоқ, олай ойламаймын. Қарсыластарымыздың кемінде бір гол соғатын мүмкіндігі бар еді. Бірақ сәттілік жолдас болмаған секілді.

- Есеп 0:2 болған тұста сіз алаңнан ойыншы алмастырдыңыз. Ойыншы жарақат алып қалды ма, әлде тактикалық тұрғыда осылай дұрыс деп шештіңіз бе?

- Бұл тактикалық тұрғыдан қабылданған шешім еді.

- Қазақстан құрамасының ойынынан ұнаған жері бар ма? Сондай-ақ, қай ойыншыны ерекше атап өтер едіңіз?

- Қазақстан құрамасын осал деп айта алмаймын. Сол қапталда және орталық шабуылда өнер көрсеткен жігіттер ұнады.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»