Бокс • 03 Қыркүйек, 2017

Аманқұл Әбілхан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегер атанды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтіп жатыр.

Аманқұл Әбілхан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегер атанды

Бүгін бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық бәсекесі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш боксшы өткен болатын.

Финалға қатысатын боксшыларымыздан рингке екінші болып 75 кило салмақтағы Аманқұл Әбілхан шығып, ел қоржынына күміс жүлдені салды. Ол финалда 2017 жылғы Еуропа чемпионы атанған украиналық қарсыласы Александр Хижняктан ұпай санымен жеңіліп, бокстан 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Ерәлиев америкалық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Жомарт Ержан (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг) және Василий Левит (91 кг) жартылай финалда қарсыластарынан жеңіліп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.

Енді,  +91 кило салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев финалдық кездесуін өткізу үшін шаршы алаңға шығатын болатын.