ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017 көрмесінің үздік еріктілері марапатталды

84 реткөрсетілді

ЭКСПО-2017 көрмесінде ең үздік еріктілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметі.

Айтулы кеште жүзден астам белсенді волонтерлар әртүрлі санаттар бойынша марапатталды. Оларға «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Өз сөзінде Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 еріктілерінің өз міндеттерін жоғары деңгейде орындағанын атап өтті.

«Волонтерлік қызмет көрмені табысты өткізудің маңызды факторына айналды. ЭКСПО-2017 аясында 8,5 мың адам іріктеліп алынды. Оның 5,5 мыңы көрме аумағында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Олардың 2500-ден астамы - Астана қаласынан, 900 - Алматыдан және 1600 волонтер - өзге аймақтардан жиналды. Сондай-ақ, Ресей, Қытай, АҚШ, Бельгия, Италия, Польша, Моңғолия, Қырғызстан және өзге мемлекеттерден келген 150 шетелдік волонтер көрмеге өз үлестерін қосты. Еріктілердің орташа жасы - 19, ал ең үлкен волонтердің жасы 70-те. Дәл осындай 30  «алтын еріктілер» жұмыс істеді. Көрмедегі жұмыстары барысында көңілдері жарасқан 3 жұп шаңырақ көтерді», - деді Ахметжан Есімов.

Марапаттау рәсімі Әли Оқапов, Алмас Кішкенбаев сынды эстрада жұлдыздары мен волонтерлардың концерттік бағдарламасына ұласты. Жаз бойы Қазақстанның 16 облысынан және әлемнің 35 елінен келген волонтерлар күніне 8 сағаттан үш ауысыммен көрме қонақтарына қызмет етті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Жас жалын» топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:59

Қапастағы қолөнер

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Турнирдің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:49

Халық алдында есеп берді

Қоғам • Бүгін, 09:45

Тұңғыш рет топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:40

Қаламгерлерді қуантты

Руханият • Бүгін, 09:37

Қарсыластардың осалы жоқ

Қысқы спорт • Бүгін, 09:29

Ерлік есеппен жасалмайды

Қоғам • Бүгін, 09:27

Жазғы универсиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Қазақстан • Бүгін, 09:15

«Құланнан» өрген құлындар

Аймақтар • Бүгін, 09:14

1 жылдағы белестер

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Түркістанның түлеуі

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Шектен шыққан шиеленіс

Әлем • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар