ЭКСПО-2017 • 08 Қыркүйек, 2017

Польшаның ұлттық күнінің ашылуына қатысты

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі ау­мағында Польша Респуб­ли­касының ұлттық күнінің ашылу салтанаты өтті. Ша­раға Премьер-Ми­нис­тр Бақытжан Сағын­таев пен Польша Прези­денті Анджей Дуда қатысты.

Польшаның ұлттық күнінің ашылуына қатысты

Шараның ресми бөлімі поляк әскери оркестрінің орын­дауындағы Қазақстан мен Поль­шаның мемлекеттік ән­ұран­дары­ның шырқалуынан бастал­ды. Осы уақытта екі рес­пуб­ликаның мемлекеттік тулары көтерілді.

Одан кейін Бақытжан Са­ғын­таев сөз сөйледі. Премьер-Ми­нистр поляк павильоны өзін жақсы жағынан көрсе­тіп, көр­медегі танымал па­вильон­дардың біріне айналғанын атап өтті.

«Қазақстан Польшаны Ор­та­лық және Шығыс Еу­ро­па­да­ғы негізгі сауда-экономи­ка­лық серіктесі ретінде қарас­ты­­ра­ды. Біз поляк үкіметі мен іс­кер­лік орта өкілдерін БҰҰ қам­­қор­лығындағы «жасыл эко­но­миканың» халықаралық орта­лы­ғы аясында ынты­мақ­тас­тық­ты нығайтуға шақы­рамыз. Ол ЭКСПО-2017 мұрасы не­гізін­­де жұмыс істейтін болады. Бізде жаңғырмалы энер­­­ге­­тика, ғылым және тех­но­ло­гиялар, инновациялар мен ком­му­ника­циялар, орман шаруа­шы­лығы, туризм сала­ларында ынты­мақ­тастық орна­ту­дың үлкен мүм­кіндігі бар. Эко­номикамыздың цифрлық түр­ленуі мен индустрияландыру процестеріне қатысуға шақы­рамыз», деді Қазақстан Пре­мьер-Министрі.

Сондай-ақ, Польша Респуб­ликасының Президенті Анджей Дуда шараға қатысушыларға ар­нап сөз сөйледі. 

«Біз шамамен бір жыл бұрын, Варшавада Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев­пен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселесін талқылаған едік, ал бүгінде мен шараның ауқым­дылығына таңдана қарай­мын», деді Польша Пре­зи­денті.

Ол Польшаның Еуропа ода­­ғы­ның аса белсенді дамып жатқан елдерінің бірі екенін атап өтті. Мысалға, 2016 жылы мемле­кет­тің ІЖӨ өсімі 3,1%-ды құрады. Пре­зи­денттің айтуынша, 2017 жыл­дың болжамы бұдан да жақсырақ, сондай-ақ жұ­мыссыздық дең­гейі айтар­лықтай төмендеп келеді. Польша басшысы қазақ­стандықтарды түрлі салаларда, соның ішінде, ал­ды­мен экономика саласында ын­тымақтастық орнатуға шақырды.

«ЭКСПО-2017 көрмесіне қа­тыс­қан поляк билігінің өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар бо­ла­шақта қолдануға болатын үл­кен тәжірибе жинақтады деген сенімдемін», деді А. Дуда.


Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»