Саясат • 08 Қыркүйек, 2017

Адам құқықтары айрықша назарда

508 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің, Қостанай облыстық әкімдігінің қолдауымен өткізген семинар-тренинг «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбына арналды. 

Адам құқықтары айрықша назарда

Оған облыстағы мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым­дар, азаматтық қоғам инс­ти­тут­тарының, жастар ұйым­дарының және жалпы жұрт­­шы­лық өкілдері қатысты. Комис­сия хатшысы Тастемір Әбішев өз сөзінде адам құқықтарына қатысты оқыту семинар-тре­нинг­тердің өңір­лерде өткізудің маңыз­дылығын айтып, мұның өзі жер­гілікті ха­лық­тың адам құқық­тары мен бос­­тан­дықтары, адам құ­қық­­тарын сот және соттан тыс тетік­­тер ар­қылы қорғау туралы ақ­па­­рат алу деңгейін, сондай-ақ қо­­ғам­­ның барлық таптарының құ­­қық­­­тық мәдениетін арттыра тү­суге септігін тигізетінін атап өтті.

– Қостанай біз келген се­гі­зінші аймақ болып отыр. Қос­танайлықтарға өзінің консти­туциялық бостандықтарын, міндеттерін білуді, құқықтарын  қорғаудың механизмдерін білуге үйретеміз, еңбек қатынастарынан туын­дайтын дау-дамайды шешу жолдары, әйелдер мен бала құқығының қорғалуы, адам сау­дасын болдырмаудың көптеген мәселелерін көтеретін боламыз, – деді Адам құқықтары жө­нін­дегі комиссияның хатшысы Т.Әбішев. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің үйлестірушісі Г.Қуанжанова және комиссия мүшелері З.Байсақова мен С.Жар­кенова нақты мысалдармен тыңдаушыларға адамның және азаматтың құқықтары мен бос­тан­дықтары туралы ғана емес, соны­мен бірге азаматтардың мем­лекет пен қоғам алдындағы мін­деттері, заң алдындағы жауап­кершілігі жөнінде айтып берді.

Семинар-тренинг барысында тыңдаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы бақылау функция­лары­мен, адам құқықтары жө­нін­дегі халықаралық кон­венция­ларға қатысты БҰҰ құр­ған бақы­лау органдарының құзы­реті­мен таныс­ты, БҰҰ-ның тиісті коми­тет­­терінде азаматтардың жеке ша­­ғым­дарын қарау теті­гін тал­қы­лады. Сонымен қатар, Мем­­ле­кет басшысының Бес инс­­титут­тық реформасы мен «100 нақ­ты қадамдағы» айтыл­ған мәсе­ле­лерді іске асыру тетіктері, сон­дай-ақ Қазақстан­дағы қоғам­дық сананы жаңғыр­тудың ереже­лері егжей-тегжейлі тал­қылан­ды, сарапшылар семинарға қаты­су­шылардың сұрақтарына жауап берді.

Коммиссия мүшелері Қос­та­най­дан басқа Рудный қаласы мен Федоров ауданында да болып, осындай семинар-тренинг өткізді. 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ