Кездесу барысында ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қазіргі қызметі туралы мәселелер, соның ішінде Теңіз және Қашаған мұнай кен орындарын игеру жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, компания Қазақстанда 1993 жылдан бастап жұмыс істейді және еліміздегі алғашқы ірі инвесторлардың бірі.
ExxonMobil Теңізде кен орны бар «Теңізшевройл» ЖШС-інде – 25%, Қашаған кен орны мен Каспий құбыры желісі консорциуміне 7,5% үлескерлік қатысуды қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім аясында 16,81% үлестік қатысуға ие.