Инновация қазақ ғылымына жат емес

Инновация, сөзсіз, экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады. Оның көмегімен барша әлем үшін­ші индустриялық революция­ны жасамақ. Мұның концепциясын аме­рикалық ғалым Джереми Риф­кин жасаған болатын. 

Егемен Қазақстан
08.09.2017 95

Рифкин тұжырымына сәйкес үшінші индустриялық революция ци­фр­лы байланыстың пайда болуынан басталады. Интернет әлемді күрт өзгертті, ақпараттың таралу ауқымы мен оның жылдамдығы ғажап болды. Екінші революция кезіндегі басты энергия көзі – көмір, газ, мұнай түптің-түбінде сарқылып, барлық жұмыр жер тұрғындарына жетпейтіндігі сөзсіз. Сондықтан жаңа кезеңде жаң­ғыр­малы энергия көздеріне көшу, энер­­гия және ресурстарды үнемдеу тех­нологиясын өрбіту, көлікті суте­гі энер­гиясы негізіндегі электр қоз­ғал­т­қыштармен жүруге, үнемді жерасты пне­в­мокөлікке көшіру, тұрмыстық тау­арлар шығаруды алып өндірістен 3D-принтерлерді пайдалану арқылы ша­ғын өндірістерге көшіру, метал­лургиядан көміртегі негізіндегі ком­по­зиттік материалдарға өту, мал ша­руа­­шылығында ет өндіруде 3D-био­прин­терлерді пайдалана отырып «жасанды ет» өндіруді жолға қою, ауыл шаруашылығының бір бөлігін «көп қа­батты ферма» түріне көшіру мақ­сат­тары тұр. Осындай келелі де ке­ле­шегі мол істерді орындау жолында мем­лекеттер бұл салаға қаржы құюдан аянар емес.

Global Innovation Index рейтингі бойынша ғылымда көш бастап тұрған елдер – Швейцария, Швеция, Англия, АҚШ, Финляндия. Осы тізімде Эстония 24-орынды иеленсе, Қазақстан 75-орында. Айтпақшы, бір кездері Кеңес одағының шекпенінде бізбен бірдей өмір сүрген Эстония – Балтық жағалауындағы кішкентай мемлекет бұл табысқа қалай қол жет­кіз­ді деген сұрақ туады. Эстондар еге­мендік алысымен телекоммуника­ция жүйесін жекешелендіріп, бүкіл ел­ді талшықты байланысқа көшіріпті. Со­ның арқасында бір-бірімен ақпарат ал­масу жақсарып, интернет барлық жер­де жұмыс істеген, ол тіпті шағын ара­л­дарда да ғаламтор кедергісіз қо­сылатын болған, нәтижесінде инно­ва­ция дамыған.

Әлем елдеріндегі ғылымға құйы­ла­тын қаржының көлемі қандай? Ғы­лымды қаржыландыруда бірінші орын­да Оңтүстік Корея тұр, оның көлемі 64,6 млрд доллар, ол ішкі жалпы өнімнің 3,9 пайызын құрайды. Екінші орында Израиль, бюджеттен 10 млрд доллар көлемінде қаржы бөлінеді, ол ІЖӨ 3,78 пайызға тең. Үшінші орында Жапония, бұл мемлекеттің ғылымды қаржыландыруы 141 млрд доллар көлемінде немесе ол ІЖӨ-нің 3,05 пайызы. Онан кейінгі орындарда Финляндия мен Швеция, бұлар­да­ғы қаржыландыру деңгейі 2,6 пай­ыз, Германияда 2,4 пайыз. Ал Еуро­одақ елдерінде бұл көрсеткіш орта­ша алғанда 1,6 пайыз шамасында. Атал­ған тізімнің соңғы ондығында Ресей, Белоруссия және Украина бар. Ал Қырғыз мемлекетінің көрсеткіші тым төмен – 0,07 пайыз ғана. Ал қара­жат көлемін есептейтін болсақ АҚШ мем­лекеті ғылыми ізденістерге 400 млрд-тан астам қаражат бөледі, ол бү­кіл Қазақстанның ІЖӨ-сінен екі есеге артық. Сондықтан болар Нобель сый­лығының иегерлері арасындағы 331­ ғалым америкалық болып отыр. АҚШ-та ғылымды қаржыландыру фе­де­ралды үкімет тарапынан 27 пайыз, жеке секторда 67 пайыз, университеттерде 7 пайызды құрайды. Жалпы, қаржының негізгі ізденістерге 17 пайызы, қолданбалы ғылымға 22 пайызы, ал дайын өнім шығару ізденістеріне 60 пайызы жұмсалады.

Өзімізге оралайық. Қазақстанда ғылымға 2010 жылы – 20 млрд теңге, 2012 жылы – 46,3 млрд теңге (307 млн доллар), 2013 жылы – 49,5 млрд теңге (322 млн доллар), 2014 жылы – 47,9 млрд теңге (263 млн доллар), 2015 жылы 33 млрд теңге бюджеттен бөлінсе, өткен 2016 жылы жалпы қар­жының үлесі 36,4 млрд теңгені құ­рады. Бұл қаржы еліміздің ішкі жал­пы өнімінің 0,15 - 0,18 пайызына тең. Ал келешекте елімізде ғылымды қар­жыландыру деңгейі сатылап өсетін болады. Мысалға, 2020 жылы ІЖӨ-нің 2 пайызы, ал 2050 жылға қарай 3 пайызын құрайды деген мақсат бар. Бұл қазақстандық ғалымдардың үміт отын маздатқаны анық. Барды бар деп айту керек. Қазақстандағы ғылым саласы мүмкіндігінше Үкіметтен қолдау тауып келеді. Ғалымдарымыз уақыт талабынан қалмай инновациялық жолмен экономиканы өрістетуге үлес қосуда. 2008-2015 жылдары аралығында Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк технологияны коммерциялау жобасын іске асырған болатын. Онда 65 жобаның, құны 1 млрд теңге болатын 40-ы өндіріске сатылу деңгейіне жетті.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2017

Елордада көлік қозғалысына байланысты ерекше акция өтті

19.11.2017

Еліміздің басым бөлігінде алдағы апта жаңбырлы болады

19.11.2017

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайды

19.11.2017

Түймебаев шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу