Фото: Ерлан ОМАРОВ
«Ислам әлеміндегі маңызды ғылыми-экономикалық мәселелерді шешу үшін G20 форумы сияқты бізге де бейресми топ құратын кез келді деп ойлаймын. Ислам ұйымының алдыңғы қатарлы он бес мемлекеті бірігіп, оны OIC15 деп атасақ дұрыс болар еді. Ислам үмметіне ғылым мен техникалар саласын да дамыту мәселесі өте маңызды болып отыр. Осыған орай алдыңғы қатарлы батыс елдерімен тұрақты әрі жемісті байланыстар орнату қажет. Олармен өзара байланыста болуымыз түбі ислам елдерінің ілгерілеуіне пайдасын тигізетіні анық», - деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев Ислам әлемі мен батыстың ашық диалогына жол ашатын басқосулардың жиі өткенін жөн деп санайтынын атап өтті.
«Меніңше, ғасырлар бойы қалыптасқан түсінбестік тудыратын стереотиптік көзқарастардан бас тартуымыз керек. Біз көп ұлтты және конфессиалы қоғамда дінаралық келісімді сақтаудың қазақстандық тәжірибесімен бөлісуге әзірміз», - деді Мемлекет басшысы.