10 Қыркүйек, 2017

ҚР Президенті Қазақстанның бітімгерлік жолындағы арманын айтты

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«14 жыл елімізде Әлемдік және дістүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізіліп келеді. Онда ислам, христиан, индуизм, буддизм және басқа да конфессия өкілдері бас қосады. Сіздерді 2018 жылы өтетін алтыншы Съезге шақырамын», - деді Президент Астана өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде.

Мемлекет басшысы ғылым мен технологияларды дамыту тек бейбітшілік пен тұрақтылық сақталған жағдайда ғана мүмкін болатынын қадап айтты.

«Қазақстан қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде осы мәселеге ерекше мән беріп отыр. Еліміздің халықаралық өткір проблемалар мен дау-жанжалдарды реттеудегі бітімгерлік рөлі баршаңызға мәлім. Біз кезіндегі Семей ядролық полигонын жауып, аса ірі ядролық арсеналдан өз еркімізбен бас тартқан елміз. Болашақта бүкіл дүниежүзі ядролық қарудан біржола арылса деген арманымыз бар. Түбінде Ислам әлемін ядролық қарудан азат аймаққа айналдыру - ортақ мүддемізге сай келеді», - деп тоқталды Нұрсұлтан Назарбаев.