Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2017

Оңтүстік Қазақстанда төтенше жағдайға оқу-жаттығу дайындықтары өтуде

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тау баурайында орналасқандықтан Шымкент қаласы сейсмикалық белсенді аймаққа жатады. Сол себепті Оңтүстікте жаттығу мақсатында, шатырлы қалашық көтерілді

Оңтүстік Қазақстанда төтенше жағдайға оқу-жаттығу дайындықтары өтуде

Облыста басталған оқу-жаттығудың аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен арнайы жиын өтті. Шараға Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының өкілдері мен жедел топ мүшелері қатысты.

Шатырлы қалашықтың құрылымына қала әкімшілігі, қабылдау пункті, тіркеу орны, ақпарат пен байланыс пункті және пошта-телеграф кіреді. Бұл қалашықтың әкімдігі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларынан құралатын болады. Шатырлы қалашықта тұрғындар суық мезгілде тұрғын орынмен, тағаммен, сумен, жылы киіммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қоса, медициналық, қоғамдық тәртіпті қорғау, өртке қарсы көлік құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.