Шикізаттық емес экспорт – инвестиция

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қа­зақ­стан­­ның үшінші жаңғыруы: жа­һан­­дық бәс­екеге қабілеттілік» (Жаң­ғыр­ту 3.0) Жол­дауында Үкіметтің алдына 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту туралы еселі міндет қойды. 

 
Егемен Қазақстан
15.09.2017 14832

Президент тек 2014-2016 жылдар аралы­ғын­да ғана экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық дей келіп, мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бергенін еске салған еді. Алайда шикізаттық емес экспорттың дамуы өскелең талапқа сай болмай жатқаны да Ел­басының назарынан тыс қалмай, осы мәсе­ле­ге айрықша көңіл аударды. 

Экспорттық операциялар ел­дің бюджетіне шетелдік берік ва­люта енгізетін шешуші амал­дар. Осы уақытқа дейін бюд­жет­тің кіріс бөлігіндегі валю­та­­лық түсімдер негізінен ши­кі­­зат сатудан келіп отыр. Бі­рақ қан­шама жаңа кен орында­ры ашылып жатқанымен, шикі­зат­тың сарқылар кезі болады. Сон­дықтан елдің экономикасын ши­кі­­заттық емес экспорттың түсі­мін арттыруға бағыттау – өмір та­лабы.

Президент өзінің Жолдау­ын­да экспортты дамыту мен ілге­рі­лету тетіктерін жетілдіруді, экс­порттаушыларға «бір терезе қағидаты» бойынша барлық өңір­­лерде де қолдау таныту қа­­жет­­тігін атап көрсетті. Сонымен бір­ге Пре­зидент Үкімет жанынан Экспорт саясаты жө­нін­дегі ке­ңес құруды тапсырып, оған биз­нес-қоғамдастықтың да өкіл­дері кі­руі тиіс еке­нін айтты. Осын­дай нақты тапсырмалармен қатар, Елбасы биылғы қыркүйекке дей­ін Үкімет әкімдермен және биз­нес өкілдерімен бірлесіп, Бі­рың­ғай экспорт стратегиясын әзір­леу­ді жүктеген болатын. 

Осы тапсырмалардың орындалу барысы туралы өткен айда Ұлт­тық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкіметтің ал­дын­да есеп берді. Оның айтуына қарағанда, шикізаттық емес экспорттың көрсеткіштерін 2015 жыл­мен салыстырғанда 2022 жыл­ғы мерзімге 1,5 есе арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Бар­лық экспортшыларды «бір тере­зе» қағидатымен қол­дау үшін «Қазақэкспорт» ұлттық компа­ния­сы­на бірыңғай оператор мәртебесін заңнамалық не­гізде беру көзделген. 

Ал «Қазақэкспорт» ҰК Пре­зидент Жолдау­ы­нан кей­ін Инвестиция және даму ми­ни­­стр­­лігіндегі бұрынғы «Каз­Экс­портГарант» ком­па­ния­сы­ның негізінде құрылған еді. Ол экспортқа байланысты бар­лық әрекеттерді, соның ішін­де экспорттық келісімшартты сақ­тан­дыру, ынталандыру, қа­зақ­стан­дық өнімдердің пай­ыз­дық став­ка­ларын субси­дия­лау және т.б. іл­герілету жұ­мыс­тарымен айналысады. 

Міне, осы Ұлттық компа­ния­ның алғашқы жұмыс нәтижелері туралы Т.Сүлейменов жан-жақты ай­тып берді. Министрдің айту­ына қарағанда, «Бір терезе­» қағидатымен жұ­мыс істеу арқылы экспортер­лер тауарларының құны мен уақытына кететін шығындарын азайтады және мемлекеттік органдар мен даму институтта­ры ара­сындағы өзара іс-қи­мыл­­да ақпараттар алу тех­ноло­гия­сын жеңілдете алады. Елі­міз­дің бар­лық аймақтарында жә­не Қазақстан экспортына қызы­ғу­шы­лық танытушы елдерде осы «Қазақ­экспорттың» өкілдіктері ашылмақшы. 

Сонымен бірге барлық тау­ар­лар мен қыз­меттер бойын­ша «экспорттық себет» әзір­ле­ніп, оған экономиканың жеті са­ла­сының 116 тауары енгі­зі­­летіні белгілі болды. Пер­спек­­тивалық «экспорттық себет» тауарларының тізіміне ен­гі­зілу үшін мынадай өл­шем­дер ескер­і­леді: көліктік қол­же­тім­д­ілік, қабылдаушы елдер импортының құрылымы жә­не Қазақстан экс­портының толықтыру индексі, шыға­ры­ла­­тын елдер импортының өсу болжамы және талданатын елдердің қа­зақстандық шикізаттық емес тау­ар­ларының импорттық кө­лемі.

Бүгінгі күнгі сыртқа шығары­ла­тындардың арасынан осы себет­ке тамақ өнімдері, минералды және химия тауарлары, балалар киімдері, медициналық және шыны бұйымдары енгізілген. Ал болашақта қызметтер арасынан көлік, туризм, ғарыштық қызмет көр­сетулер және ғарыштық аппа­рат­тарды сынаулар енгі­зі­леді. Қазақстан экспорты шыға­ры­ла­тын өткізу рыноктары қа­та­­рына 27 мемлекет енгізіліп, олар қабылдау мүмкіндігіне қа­рай түрлі санаттарға бөлінген. Соның ішінде Қытай мен Ресей ба­сымды мәртебеге ие болған. Со­нымен бірге Қазақстан экспор­ты Беларусь, Үндістан, Иран, Қыр­­ғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ук­ра­ина және т.б. елдердің іш­­кі рыноктарында сұранысқа ие бо­лып отыр. Еуропа елдері арасы­нан қазақстандық шикізаттық емес экспорт басқалармен са­лыс­т­ырғанда Нидерланд пен Поль­ша­ға көбірек жетеді. 

Қорыта айтқанда Ұлттық эко­номика минист­р­­лігі ұсынып отырған экспортты жандандыру бағ­дарламасы экспортерлерге қаржылық және басқа да жақтан қолдаулар жасайды, сонымен қатар экспорттың дамуын аяқтан шалатын кедергілерді жояды. 

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ-да экспорттың ұлғаюына өз тарапынан үлес қосуда. Бұл компания Қазақстанға сырт­тан инвесторлар тартумен бірге іштегі экспортерлердің де жұмыстарының қызуына жағ­дай жасау үшін жуырда қазақ­стандық компанияларға арнал­ған тренингтер өткізді. Онда ком­паниялар өкілдері экс­порт­тық және маркетингтік іс-әре­кет­терді жүргізу бойынша тегін са­б­ақ­тар мен кеңестер алды. Нақ­ты айтқанда қазақстандық өнім­дер­дің сапасы мақ­сатты рынок­тар­дың техникалық талап­та­рына сай икемделу, қабылдаушы елдер­дің импорттық процедураларына реттелу, экс­портқа шығардағы көлік-логистикалық, ба­қылаушылық және кедендік тек­серулерге бейімделу және т.б жай­лы пайдалы кеңестер мен са­бақ­тар берілді. 

Еуразиялық экономикалық одақ­тың сыртқы және өзара сау­да айналымына қарағанда 2017 жылдың алғашқы жарты­жыл­дығында Қазақстан экспор­ты­ның жалпы көлемі 2016 жыл­дың сәйкес мерзімімен салыс­тыр­ғанда 138,3 пайыз болған. Сөй­тіп, бұл бағыттың өсу әлеуеті жо­ғары екені көрініп тұр. Тіп­ті импорт­пен (110,7 пайыз) са­лыс­тырғанда да әжеп­­тә­уір көп болған. Алайда бұл жалпы экспо­рт, оның ішінде шикізаттық сала да енгіз­іл­ген. 

Елбасы Қазақстанның шетел инвестицияларын тарту ісіндегі ай­мақтық көшбасшылығын сақ­тап қалуы қажеттігін де өзі­нің Жолдауында атап көр­се­т­ті. «KAZAKH INVEST» Ұлт­тық компаниясы» АҚ осы мақ­сат­пен жуырда Сыртқы істер ми­нистр­лігінің көмегімен Қазақ­стан­да тір­келген дип­ло­ма­­­тия­лық миссиялардың эко­но­­ми­ка­лық әріптестік мәсе­ле­ле­рі­мен айналысатын өкіл­де­рі­мен кез­десті. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компа­ниясы» АҚ төрағасының орынбаса­ры Нұрсұлтан Жиенбаев олар­дың назарына қазақстандық ке­­­ле­­шегі зор жобалар туралы баян­­­дап, инвестиция құю үшін өз елдерінің бизнесмендерін, тран­с­­­ұлттық компанияларды ша­­қыруды сұрады. Өзінің сө­зін­­де ол Қазақстанда қолай­лы инвес­­тициялық ахуал қалып­тас­­қанын, инвесторларға «бір тере­зе» қағидатымен қызмет көр­сетілетінін және т.б. туралы айт­ты. Инвестиция құю үшін ең маңызды шарт – елдің саяси тұрақтылығы, бей­біт өмір бол­са, оның да Қазақстанда әб­ден қалыптасқандығы жеткі­зіл­­ді. Инвесторлар үшін қа­рас­ты­рылған жеңілдіктер, салық­тық преференциялар туралы да толықтай айтылды. Doing Business халықаралық қаржы корпорациясының рейтингі бойынша Қазақстан бизнес жүр­гі­зудің қолайлылығы бойынша 190 елдің арасында 35-ші орын алатыны, инвесторлар үшін қарас­ты­рылған жеңілдіктерді одан әрі оңтайландыру мақсатында 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, 55 мемлекетпен «визасыз режим» орнатылғаны тілге тиек етілді. 

Алайда шетелдік миссия­лар­дың кейбір өкіл­дері Қазақ­стан­ның инвестиция құю тартым­ды­лы­ғының кемшін тұстарын да айтып, олардың тү­зелуі ғана нәтижелі әріптестікке қол жет­кі­­зе­тінін көрсетті. Соның ішін­де көп­теген ай­мақ­тардағы инфра­құ­­рылымдардың төмендігі көл­­де­нең тартылды. Бұл қатарда алдымен авто­мобиль жолдарының сапасыздығы ауызға алын­ды. 

Елбасы Қазақстанда өндіріс­тер ашу жөнін­де Қытаймен бір­лес­кен инвестициялық бағ­дар­­ламаны тиімді жүзеге асыру керектігін атап ескерткен. Қытай та­рапымен екіжақты ын­ты­мақ­тас­тық нысандары белгіленді. «Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндірістер болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік жә­не толықтай электр­лі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зау­ыт», деді Президент. 

Міне, Қазақстанның шикі­зат­тық емес экспорт пен шет­ел­дік инвестициялар тарту қадам­да­ры­ның кейбір бағыттары осындай. Олардың орын­далуы ел эко­но­ми­касының қарыштай түсуі­не сүбе­лі үлес қосары сөзсіз. 

Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2018

Астанада орталық сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

25.04.2018

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды

25.04.2018

Оралда Мәдениет саласының үздіктері анықталды

25.04.2018

Таңсұлу Алдабергенқызының «Әйелмен әлем әдемі» атты кітабының тұсаукесері өтті

25.04.2018

Қостанайда сенаторлар көшпелі отырыс өткізді

25.04.2018

Облыс мектептеріне тексеру жүргізілетін болды

25.04.2018

Ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына

25.04.2018

Сырттай оқыту қаншалықты тиімді?

25.04.2018

«Жас қанат» жас орындаушы­лар және шоу-бағдарлама жүргізу­шілерінің байқауы өтті

25.04.2018

Шұбайқызылда қызғалдақ фестивалі өтті

25.04.2018

Астанада IELTS сертификатын сатып алған 100-ден астам студент оқудан шығарылды

25.04.2018

Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған халықаралық форум өтіп жатыр

25.04.2018

Астанада Ауған соғысы ардагері атындағы қор ашылды

25.04.2018

«Әміре» фильмі: кемшілігі һәм жеңісі

25.04.2018

Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын алуға ұсынымдар қабылдау басталды

25.04.2018

Ауыл мен  қауым

25.04.2018

Қазақстан тәуелсіздіктен бері қандай елдермен тиімді құқықтық келісімдер жасасты?

25.04.2018

Заңгер кеңесі: Шаруа қожалығын қалай ашуға болады?

25.04.2018

Госпитальдағы ардагерлердің әңгімесі

25.04.2018

Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл мен  қауым

Ауыл десе теңіздей аласұрып, жү­рек шіркін алып-ұшып тұрады-ау. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

Жақында отандық телеарналардың бірінен, шамасы бұл Парламенттегі Үкімет сағаты болса керек, еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігінің жерді қашық­тық­тан зондтауға (байқауға) қатысты түсірілімдерінің сапасы туралы әңгіме болды.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Киберспортпен күнелткендер

Балаңыз телефон немесе теледидар арқылы түрлі ойындар ойнаса аса қатты қорықпаңыз. Ол қазір еріккеннің ермегі емес. Мұны қазіргі жаһанданған әлемде киберспорт деп атайды. Ғаламтордың дамуымен бірге бұл спорт қазір елімізде де белең ала бастады.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Не ішіп-жеп жүрсіз, ағайын?

Жақында Астананың ірі азық-түлік дүкенін аралап жүріп бір қыздың атағы бүкіл Қазақстанға танымал мүйізі қарағайдай компанияның сүтін іздеп таба алмай, ол неге жоқ деп жағалай сұрап жүргенін кө­ріп қалдым. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Тажалға қарсы табанды күрес керек

Ашығын айту керек, есірткі мәселесі біздің елде өте күрделі. Ол небір отба­сының шаңырағын шайқалтып, айық­пас кеселге ұшыратып жатыр. Сондықтан да Елбасы «Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның  «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр» деді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу