– «Вильярреал» командасын жеңісімен құттықтаймын! Меніңше, менің командам бүгін жақсы ойын көрсетуге тырысты. Біздің бұдан да жақсырақ, неғұрлым серпінді және агрессивті ойын көрсетуге мүмкіндігіміз бар еді. Дегенмен, үш гол жеңіл қателіктің салдарынан соғылды. Командада жеңіске деген жігер 100 пайыз болған жоқ. Егер футболшылар жеңіске жетуді қалағанда, ойын өрнегі тіпті басқа арнаға ауар еді.
– «Астана» есепті теңестіргенде тең ойынға деген үмітіңіз болды ма? Футболшыларға есепті ұстап қалуға не жетіспеді деп ойлайсыз?
– Екінші таймда гол соғылғанына қуаныштымын. Бізге азғантай ғана мінез жетіспей қалды. Есеп теңескенде біздің футболшылар еркінсіп кетті. Сол сәтті қарсылас команда ұтымды пайдаланып, қақпамызға екінші голды соқты. Расымен, жігіттердің ойынға деген жігері 100 пайыз болмай шықты. Біз қорғаныста өте жеңіл қателіктер жіберіп алдық.
– Екінші таймда Мұртазаевтың орнына Томасовты шығардыңыз. Команданың допты өз бақылауында ұстай алмайтынына ешқандай қауіп болған жоқ па?
- Роман бүгін гол соғуға тырысты, бірақ ол шаршап қалды. Ойыншы алмастырғанда мен Томасовтың жылдамдығына сенім артып, тәуекелге бардым. Бірақ, қателік шабуылда да, қорғаныста да көп болды. «Вильярреал» мұндай қателіктерді кешірмейді және бірден гол соғып кетті.
– Үш орталық қорғаушы тактикасы өз жемісін берді деп айтсақ болады. Егер команданың қалай ойнайтынын алдын ала білгеніңізде екі қорғаушыны ғана қалдыру туралы ойланар ма едіңіз? Ойыншылардың жекелеген қателіктерін есепке алмағанда, үш қорғаушы өз міндеттерін орындай алды ма?
– Ойын басында біз жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ашық аймақты көріп, бірінші болып бірнеше қауіпті шабуыл жасай білдік. Екінші таймда да дәл солай ойнадық. Соңғы 10-15 минутта бізді доп өз бақылауымызда жақсы ұстадық. Ешқандай қобалжу болған жоқ. Дегенмен, қайталап айтамын, егер бізде жеңіске деген ынта жоғары болғанда, өзімізге оң келетін нәтижеге қол жеткізер едік.