Білім • 20 Қыркүйек, 2017

Табысты мектеп тұғыры

8155 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда білім беру жүйе­сінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, білім беру ұйымдары бас­шы­ларының да үздік­сіз кәсіби дамуы қа­жеттігін ай­қын­дап отыр. 

Табысты мектеп тұғыры

Жаңар­тыл­ған білім беру мазмұны аясын­дағы ба­ғдар­лама­лар­ды іске асыру үшін мұға­лім­дер­ді біліммен, дағды­лар­­мен қам­тама­сыз ету және олар­дың пі­кір­лерін өзгер­туге ықпал ету жет­­кі­л­ік­ті емес екен­дігін көріп отыр­мыз. Мек­тепке өз­геріс енгізіп, оны бас­­қа­ру­да инно­ва­циялық қадам жасау үшін жаңа мәдениет құру қажет­тігі туындады.    

Осы орайда, мектеп басшыларының алдында «XXI ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» және «XXI ғасырда мектебімді табысқа қалай жетелеймін?» деген сұрақтарға бірлесіп жауап іздеу мәселесі тұрғаны айдан анық. Себебі, өткен ғасырдағы жүйе мен тәуелсіз қазақстандық білім беру саласындағы айтулы айыр­машылықтар туралы айтатын бол­сақ, бұл Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде балаларды «қалай оқы­ту керектігі» туралы өзекті мәсе­леге басымдық беру қажеттілігін те­рең тү­сінуді көздеп отыр. Ал «XXI ғасыр­­да табысты болу үшін мектеп оқушы­сы қандай дағдыларды меңгеруі керек?» деген сұрақтың жауабын еліміз­дегі білім саласында болып жат­қан жаңалықтардан іздегеніміз жөн болар.

Жаһандану заманында өз тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе алатын, «өз­гер­­мелі өмірге икемді» бала оқы­тып, тәрбиелеу жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идея­сы. Сондықтан жаңартылған білім беру жағдайында директор көш­басшылығына қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Мектептегі өзгеріс­терді басқарып, жетекшілік ету үшін мектеп директорына негізі үш талап қойыла­ды. Алғашқысы өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыпт­астыру, келесісі мектеп көш­басшылығы мен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалыптастыру және тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы мен адамдармен қарым-қатынас жасау өнерін игеру.
Бүгінде облыстық директорлар кеңесі құрылып, 2017-2019 жылдарға арналған «Табысты басшы» жобасы әзір­ленген. Жобаның негізгі мақса­ты заманауи педагогикалық тәсіл­дер мен білім беру тәжірибесі негі­зінде мектеп басшыларына иннова­циялық басқаруда кәсіби қолдау көр­сетуді көздейді. Жобаны іске асы­руда 6 аймақта тәжірибе алаңы ұйым­дастырылып, аймақтарда жаңа білім беру мазмұны аясында жалпы білім беру ұйымдарында көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау бойынша мектеп басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында мектеп басшылары­на арналған Талдықорған қаласы мен Алакөл, Көксу аудандарында ай­мақ­тық семинарлар өтті. Бұл шара­лар­дың жалғасы «Білім беру маз­мұ­нын жаңарту аясында заманауи мек­тепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбындағы облыстық дирек­торлар форумына ұласты.

Фо­рум­ға 150-ден астам «Өрлеу» білікті­лік­ті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алма­ты облысы бойынша педагог қыз­ме­ткерлердің біліктілігін арттыру инс­титуты, Алматы қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орта­л­ығы, Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өкіл­­дері мен жалпы білім беру ұйым­дарының басшылары қатысты. Елба­сы­ның «Қазақстанның үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауындағы үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшуде ауыл мектептерін қала мектептеріне жа­қын­­дастыру мәселесіне орай, форум бары­сында мектеп басшылары ауыл мектептерін қалалық мектептерге жақынд­астыру мақсатында «Серік­тестік алаңы» акциясына ауыл мектептерін тарту қажеттігі туралы өзекті мәселе көтерді. Сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында зама­науи мектепті басқаруда мектеп бас­шыларына үш тілде білім беруді кезең-кезе­ңімен жүзеге асыруда мек­тептің ин­но­вациялық қызметін жетілдіру, мек­тепті инновациялық басқаруда озық пе­да­гогикалық идеялар мен Назарбаев зият­керлік мектебінің тәжірибелерін жал­пы білім беретін мектептерге е­нгізу, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру сияқты нақты мақсат-міндеттер қойылып, болашақта мектепті дамытудың қадамдары ай­қындалды.  

Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңа­шыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңа­дан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманын­да адамзат ескі сүрлеумен жүре бер­мей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы. Мектепте оқушы­лар­­дың сыни тұрғысынан ойлау дағ­ды­ларын қалыптастыруда, олардың әрқай­сысының ерекшелігін еске­ре және ынтымақтастық ортада білім алуын қамтамасыз ете оты­рып, озық ел­­дер­дің қатарына енуіміз керек. Яғни жаңар­тылған білім беру жағдайында зама­науи мектеп бас­шысы жоғары нәти­жеге қол жеткізу үшін ынтымақ­тас­­тық ортада бірлескен жұмыс істей­тін табысты көшбасшы болуы ке­рек. Ин­но­вациялық басқарудың нәти­же­сінде ғана біз болашақтың тізгінін ұс­т­ай­тын функциялық сауатты XXI ға­сыр­дың жаңа буын өкілін тәрбиелей аламыз.

Майгүл ОМАРОВА, 
Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары

ТАЛДЫҚОРҒАН