Оралдық кәсіпкер Сержан Идиятовтың «нағыз ұшақты балалардың демалыс орнына айналдырсам» деген ойын Орал қалалық әкімдігі бірден қолдаған. Сөйтіп, балалар саябағы жанынан кәсіпкерге 40 сотық жер берілді. Міне, өткен сенбіде Ақтөбе қаласынан ұшақ та жеткізілді. Тасымалға оңай болуы үшін оның қанаттары мен құйрығын бөліп алуға тура келген. Жаңа орнына «қонған» ұшақты ақтөбелік мамандар қалпына келтіретін болады. Ұшақтың 35 орындық салоны қайта жабдықталып, 20 адамдық шағын залға айналады. Бұған қоса балалар ұшқыш-пилоттың кабинасына кіріп, штурвалды ұстап көріп, суретке түсе алады.
– Ұшақ-кафенің жанынан «Нұр-Әлем» сферасының шағын көшірмесін жасамақпыз. Бұл жұмыстың бәрін келер жылы тиянақтап, 1 маусым – дүниежүзілік балаларды қорғау күні алғашқы қонақтарымызды қабылдаймыз, - дейді Сержан Идиятов.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
«Егемен Қазақстан»