Ғасырға жуық тарихы бар газет «Сарыарқа», «Қазақ тілі» атауларымен шыққан кезде төте жазуын, кейін «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды Шығыс» атауларымен басылған шақтарда латын қарпін пайдаланғаны белгілі. «Мемлекет басшысының ұсынысын қолдай отырып, газетімізде латын қарпінде мақала жариялауды жөн көрдік. Еліміздегі тұңғыш қазақ тілді басылым – кешегі «Сарыарқа», бүгінгі «Семей таңы» газеті үшін бұл бастама жат емес. Латын əліпбиіне көшуден жүрексініп жүрген ағайынға айтарымыз, бұл мақаланы дайындауға менің бір сағаттай ғана уақытым кетті», дейді аталған мақаланың авторы, басылымның бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы