Кәсіпқой бокс • 22 Қыркүйек, 2017

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі мамыр айында өтуі мүмкін

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің командалары реваншты өткізу бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі мамыр айында өтуі мүмкін

«Golden Boy» промоутерлік компаниясының басшысы Эрик Гомес келіссөздерге арналған алғашқы кездесу АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтетінін айтты. «Ең бастысы, екі боксшы да қарымта жекпе-жекті қалап отыр.

«Мексиканың «Синко де Майо» мейрамына арналған демалыстар (5 мамыр, сенбі) ең ыңғайлы уақыт болатын сияқты. Бізге аталған дата ұнап тұр. Себебі ол үлкен бокс кешін ұйымдастыруға қолайлы. Басқа спорттық шараларға да кедергі жасап отырған жоқ. Енді, ол кезде әдеттегідей Кентуккидегі ат жарысы болады. Алайда одан басқа универсиеттер арасындағы футбол да, Ұлттық футбол лигасының ойындары да өтпейді. Бейсбол сәуірде басталады», деді Гомес The Ring журналына берген сұxбатында.

Айта кетейік, бұған дейін GGG-дің промоутері Том Леффлер де аралық жекпе-жектерге қарағанда, Сауль Альвареспен реванш өткізуге басымдық беріп жатқанын жеткізген. Бұл кездесуді GGG-дің өзі де қалап отыр.