Бүгінге дейін бірінші орынға америкалық боксшы Андре Уорд иелік етіп келген болатын. Бірер күн бұрын ол бокстағы карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Өзінің ресми сайтында «тапсырма орындалды» деп спортпен қоштасатынын мәлімдеді.
Жаңартылған рейтинг бойынша екінші орынға украиналық Василий Ломаченко жайғасты, ал үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеді. Головкиннің соңғы қарсыласы Сауль «Канело» Альварес төртінші орынға көтерілді.
ESPN рейтингі бойынша ТОП-10:
1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО; Қазақстан) – орта;
2. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО; Украина) – екінші жартылай жеңіл;
3. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО; АҚШ) – бірінші жартылай орта;
4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО; Мексика) – орта;
5. Кит Турман (28-0, 22 КО; АҚШ) – жартылай орта;
6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО; США) – жартылай орта;
7. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО; Куба) – екінші аса жеңіл;
8. Майки Гарсия (37-0, 33 КО; АҚШ) - жеңіл;
9. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО; Ресей) – жартылай ауыр;
10. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО; Жапония) – екінші аса жеңіл.