Кәсіпқой бокс • 22 Қыркүйек, 2017

Головкин Р4Р рейтингінде көш бастады

64 реткөрсетілді

ESPN телеарнасының сайты салмақ дәрежелеріне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының тізімін жариялады. Бұл тізімде орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иесі Геннадий Головкин көш бастады.

Бүгінге дейін бірінші орынға америкалық боксшы Андре Уорд иелік етіп келген болатын. Бірер күн бұрын ол бокстағы карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Өзінің ресми сайтында «тапсырма орындалды» деп спортпен қоштасатынын мәлімдеді.

Жаңартылған рейтинг бойынша екінші орынға украиналық Василий Ломаченко жайғасты, ал үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеді. Головкиннің соңғы қарсыласы Сауль «Канело» Альварес төртінші орынға көтерілді.

ESPN рейтингі бойынша ТОП-10:

1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО; Қазақстан) – орта;

2. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО; Украина) – екінші жартылай жеңіл;

3. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО; АҚШ) – бірінші жартылай орта;

4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО; Мексика) – орта;

5. Кит Турман (28-0, 22 КО; АҚШ) – жартылай орта;

6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО; США) – жартылай орта;

7. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО; Куба) – екінші аса жеңіл;

8. Майки Гарсия (37-0, 33 КО; АҚШ) - жеңіл;

9. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО; Ресей) – жартылай ауыр;

10. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО; Жапония) – екінші аса жеңіл.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Бүгін, 12:43

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • Бүгін, 11:58

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • Бүгін, 10:29

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • Бүгін, 10:24

Байқаушылар іске кірісті

Сайлау • Бүгін, 09:46

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Бүгін, 09:41

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Бүгін, 09:32

Сайлау негізі – дауыс беру

Сайлау • Бүгін, 09:22

Телегей-теңіз телехикая

Кино • Бүгін, 09:02

Ұқсас жаңалықтар