Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2017

Асқар Мамин Қарағандыдағы фармацевтикалық өндіріс қызметімен танысты

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Беларусь Премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский басқарған делегация қатысты, деп хабарлайды egemen.kz.

Асқар Мамин Қарағандыдағы фармацевтикалық өндіріс қызметімен танысты

Қарағанды облысындағы  іссапары барысында Премьер-министрдің Бірінші орынбасары А.Мамин «Орталық - Оңтүстік» автомобильді дәлізінің Қарағанды – Теміртау жол бөлігін де аралады. Аталмыш жоба «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. 14 шақырымға созылған автожолда жол жабыны мен көлік тораптарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жол 2018 жылы толық пайдалануға беріледі. 

 «Қазіргі таңда жол жөндеушілердің басты міндеті – халыққа ыңғайлы болу үшін, қайта қалпына келтіріліп жатқан жол бөліктерін уақытылы және сапалы түрде тапсыру», - деп атап өтті А.Мамин. 

Сондай-ақ, Асқар Мамин «КазБелАЗ» БК, кен байыту жабдықтарын шығару бойынша кәсіпорынның, автокөлік құралдарын кәдеге жарату кешенінің, жылына 4 млн қаптама егу препараттарын өндіретін фармацевтикалық өндірістің қызметімен танысты. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ