Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2017

Болгариядағы сурет көрмесінде павлодарлық оқушылардың жұмысы үздік атанды

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияда Еуропа, Латын Америка, Азияның 36 мемлекетінен 3000-нан астам өнерпаз жиналған «Нова Загор - 2017» көрмесі өтті. 4 - 20 жас аралығындағы суретшілер қатысқан XIX Мемлекеттік жастар көрмесіне Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінен 15 оқушының жұмысы жіберілген болатын, деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.

Болгариядағы сурет көрмесінде павлодарлық оқушылардың жұмысы үздік атанды

Қазылар алқасы сайыс қорытындысы бойынша 500-ден астам ең жақсы жұмыстарды анықтады, оның ішінде көркемсурет мектебінің екі оқушысының жұмысы болды.

- 2017 жылы қыркүйек айында мектеп Болгариядан дипломдар алды. 8 жастағы Айдар Айтимов пен Ева Москалец көрменің лауреаттары атанды. Әлемдік шараға Айдардың (түрлі-түсті сия, балауыз май ) аралас техникасы бойынша орындалған «Бұғы-қыс», Еваның фломастермен салынған «Түнгі күзетші» суреттері ұсынылды. Оқушылар мұндай айтулы көрмеге алғаш рет қатысуда. Сынып жетекшілері Жанар Шайкенова мен Сауле Пернебаеваны шәкірттерінің жеңісімен құттықтаймыз, - деді білім бөлімінің мамандары.