Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017

Әлемдік қоғамдастық мойындаған Қазақ елі

976 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жаһандық мәселелерге қатысты Қазақстан саясаты төрткүл дүниенің жоғары бағасын иеленіп келеді. Күні кеше АҚШ Мемлекеттік хатшысының Қазақ­стан мен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен ризашылығын біл­діргеніне куә болдық. 

Әлемдік қоғамдастық мойындаған Қазақ елі

Рекс Тил­лер­сон­ның сөзі кездейсоқ емес һәм Қазақ­стан­ның жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуы жөнінде кел­тірген оның дерек­терінің іргетасы берік. Кейінгі жыл­дары ядролық қауіпсіздік мәселесі халықаралық қо­ғам­дастықты алаңдата бастады. Маман­дардың пікірінше, әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың, ядролық ай­қастың алдында тұр. 
Кейінгі жарты жылда байқа­ған­ы­мыз­дай, АҚШ пен КХДР арасындағы сөз қақ­тығысы кең таралып, бітімге келмей­тін­дей деңгейге жетті. Екі тарап та кері ше­гінейін деп отырғаны жоқ. Осындай жағдайда бейбіт келіс­сөздер зор маңыз­ға ие болады. Сон­дықтан осы мәсе­лені талқылау жө­нінде сыртқы істер министрлері ара­сында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің ша­қы­рылымы болды. 

АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзінен екі жағдай анық байқалады. Әуелі халықаралық қоғамдастық Н.Назарбаев бастаған Қазақстанның әре­кеттерін шынында жоғары баға­лайды. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, бейтарап және бейбіт сая­сат ұстанудың маңызы зор. Екін­шіден, АҚШ бастаған әлем елдері Қазақстанның антиядролық қозға­лысты дамыту және кеңейту жө­нін­дегі тәжірибесін халықаралық дең­­гейде қабылдауға әзір екенін көрсе­теді. 

Яғни, Н.Назарбаевтың ан­ти­ядролық қозғалысқа қатысты бүкіл бастамалары алпауыт елдер тара­пынан оң бағаланды. Ел­басы тоқ­са­ныншы жылдардың орта­сында көтерген мәселе жоғары деңгей­дегі тү­сі­ністік пен қолдауға ие болды. Пре­зи­дентіміз бүкіл әлемде ядролық қа­русыз аймақ құру бағытын ұсынады.

 Қазақстанның өз еркімен қуатты яд­ролық қару арсеналынан бас тарт­қаны белгілі. Әлемде алғаш болып Семейдегі яд­ролық сынақ полигонын жапты. Ал 2006 жылғы тамызда Семейде қол қо­йылған Орталық Азияда ядролық қа­русыз аймақ құру жөніндегі келісім Қа­зақстан басшысының жаппай қы­рып-жою қаруынан бас тартудағы тең­дессіз ерлігін көрсетеді. Сол кезде Ор­талық Азия тағы бір мәрте әлем ел­дерінің назарын ядролық қаруды таратпау мәселесіне аударған болатын. 

Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақтар құрған Н.Назарбаевтың антиядролық қозғалысы халықаралық деңгейге шықты. Осылайша, Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, бей­біт әлем құрудағы саяси ерік-жігер­дің нағыз үлгісін көрсетті. 
Сондықтан Р.Тилерсонның Н.Назарбаев­­­тың еңбегін жоғары баға­­лауы кез­­дейсоқ емес. Елбасымыз әлем елдері арасында сарабдал саясаткерге айна­лып, дипломатиялық жә­не достық әре­­­кеттер арқылы қалып­тасатын бейбіт әлем құруда маңызды рөл атқара бас­та­ды. 
Осы орайда, Н.Назарбаевтың бей­­біт­­шілік жөніндегі Нобель сыйлы­ғына бір­неше рет, тіпті америкалық кон­гресмен­дер тарапынан ұсынылғанын айта кету керек. 

Руслан ІЗІМОВ,
саясаттанушы