Нағыз мұсылманның бейнесі ісінен көрінуі тиіс

Бүгінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері кеңінен қарастырылып, іргелі істер қолға алынуда. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы кейбір заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы тұрғындар арасында қызу талқыланып жатқаны рас. Ол заң жыл соңына дейін бекітіледі деп күтілуде.

Егемен Қазақстан
26.09.2017 1613

Дін саласындағы мемлекеттік рет­теу­дің сапасын арттырып, бірқатар мәсе­лелер шешімін табу үшін Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы Елбасының Жарлығымен бекітілді. Министр Н.Ермекбаев құжаттың Мем­лекет басшысының «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты халыққа Жолдауының бағыттарына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына толығымен сәйкес келетінін мәлімдеді. 

Аталған заңнамадағы толықтырулар мен өзгерістер уақыт талабы мен ми­нистрлікке тұрғындар тарапынан ар­­найы келіп түскен өтініштер мен ша­ғым­дар негізінде туындаған. Онда жастардың шетелде діни білім алуы, олардың құлшылық орындарына баруы, қыз-келіншектеріміздің қазақы болмысымызға жат қара жамылып, тұмшалануы, шолақ балақ, ұзын сақал, заңды неке т.с.с. бірқатар мәселелер қарастырылуда. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жас­тар діни білім алу мақсатында шетелдік оқу орындарына көптеп барғанын білеміз. Шетелден білім алған жақсы әрине, жастардың жан-жақты шыңдалуына жақсы тәжірибе бірақ, дәл діни білім алуға келгенде қауіптенуіміз орынды. Себебі, шетелде діни білім алған жастар қауіп көзіне айналуда. Дін үйренемін деп кетіп, олардың діни танымын, діни тәжірибесін, сол елдердің ұлттық мәдени құндылықтарын алып келуде. Ең өкініштісі, сол идеологияны өздерімен бірге елге әкеліп, басқа жастардың санасын улауда. Ендігі аралықта өскелең ұрпақтың шетелде діни білім алу мәселесі мемлекет тарапынан реттелетін болады.

Нақтырақ айтқанда, заңнамалық өзгерістер шетелде діни білім алғысы келетіндер үшін бірқатар талаптар қарастырмақ. Қазақстанда жоғары діни білім алған мамандар ғана шетелде діни білім ала алатын болады. Яғни діни сауаттылық деңгейі қалыптасқан тұлғаларға ғана рұқсат беру арқылы біз жастардың және қоғамның діни қауіпсіздігін қамтамасыз етпекпіз.

Себебі, әлі оң-солын танып үлгер­меген жастар көрінгеннің жетегінде кетуі мүмкін. Сондықтан жуырда бекі­тілген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұ­жы­рым­дамасы қазіргі кездегі қордалан­ған көптеген мәселелерді шешуге бағыт­талған. Дін саласындағы мемлекеттік саясат, заңдар, діни бірлестіктердің қызметі, діни білім алу, жасөспірімдерді қорғау, ішкі және сыртқы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған. Жалпы Қазақстанда көр­шілес елдермен салыстырғанда жас­тарға қолдау көрсететін әлеуметтік жобалар қатары көп.

Елімізде теріс діни ағым өкілдеріне қатысты әйелдердің арасында қара киім киіп, тұмшаланған немесе бет-жүзін толық жауып жүргендері бар. Бұл біздің дәстүрімізде, қазақы болмысымызда болмаған дүние. Қоғам оларға сенімсіздікпен, күдікпен қарайтыны жасырын емес. Соның салдарынан, әлеуметтік қарым-қатынастар бұзылуда, сондай-ақ шиеленістерге әкелуі мүмкін жікшіл топ пайда болады.

Бұл құбылыстар кез келген қоғам үшін өзекті мәселеге айналғаны рас. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау іс-қимыл шаралары аясында әйелдердің бет-жүзін толық жауып жүруі құқық қорғау органдарына адамдарды тексеру, олардың жеке басын анықтау кезінде қиындық тудыратыны анық. Сол себепті дін саласындағы заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар негізінде әйелдерге қоғамдық орындарда бет-жүзін толық жабатын киімдер киюлеріне тыйым салынбақ.

Заңнамалық өзгерістер діни неке мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Бүгінгі таңдағы діни тұрғыда қиыл­ған некелерді толыққанды заңды неке деп айту қиын. Дін өкілінің қаты­суымен ғана қиылған некенің заңды күші болмағандықтан, күйеуі үш рет «талақ», дей сала отбасының түгел ауыртпалығын нәзік әйелдің иығына артып, барлық жауапкершіліктен оп-оңай жалтаруда. Ал некенің заңды күші болмаған соң, жас қыздарымыз еш құқығын даулай алмастан қала беруде. Заң жүзінде тіркелмеген некенің сұрауы да жоқ болғандықтан, заңды некесіз туылған балалардың әкелерінен алимент ала алмай, ал ажырасқан әйелдер басқа да заңды құқығын талап ете алмай жатқан жайлары бар. Осының салдарынан соңғы жылдары шаңырағы шайқалып жатқан талай жас отбасы мен жиырмаға жетпей жесір атанып жатқан қыз-келіншектер мен тегі кімнен екендігі белгісіз бала­лар­дың саны артуда. Осы ретте діни ғұрып бойынша ғана некесін қиып, ресми түрде тіркеуге тұрмайтын азаматтарды жауапкершілікке тартуға байланысты заңға енгізіліп отырған өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттің тірегі – отбасы құндылықтары мен әйел, бала құқықтарының сақталуына үлкен ықпал болары анық.

Бұл бастаманы тыйым салу, шектеу дегеннен гөрі реттеу дегеніміз орынды, себебі тыйым салу демократиялық қоғамнан гөрі радикалды ұйымдарға тән құбылыс. Олай дейтінім, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама ең алдымен азаматтардың құ­қық­тарын сақтауға ықпал етуді жә­не дінді экстремистік және басқа да деструктивтік іс-әрекеттерге қолдануды болдырмау мақсатында құқық нормаларын орнатуды мақсат етіп отыр.
Өзге көршілес елдермен салыстыр­ғанда елімізде тыйым салу үрдісі ана­­ғұрлым аз. Адамдардың жеке на­ным-сенімдеріне, ұстанымдары мен көз­қарастарына тыйым салынбайды, егер оның іс-әрекеті заңға қайшы келмесе, ал ке­рісінше болған жағдайда оған шектеу қойып немесе толық заңмен тыйым салынуына мемлекет толық құқылы. 

Мәселен, қазіргі кезде қоғамда псевдосалафизм сынды деструктивті ағымға тыйым салынуы керектігі жайлы жан-жақты талқыланып жүр. Мем­лекет бұл ағымды деструктивті деп танығанмен, кейбір елдерде қалыпты болып танылады. Оған заңмен тыйым салынбау себебі ол ұйым емес, ол теріс болса да көзқарастар, ойлар, сенімдер жүйесі. Әрбір діни топтармен жұмыс жасай отырып, олардың заң аясында қызмет етуіне ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етіп, алдын алу көзделеді.

Осыған байланысты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар ке­ше­нін, кеңес беру, бейімдеу және оңалту қызметтерін қамтамасыз етеді. Көптеген білікті сарапшылар, теологтар мен имамдардан құралған 300-ден аса ақпараттық-түсіндіру тобы осы жұмыстарды түсіндіруге білек сыбана кірісіп, ауқымды іс-шаралар атқарылуда. 

Бірлескен қарқынды жұмыстар бүгін­де өз жемісін бере бастады. Мәселен, жат ағым жетегінде кеткендер қатарының азайғаны байқалады. Өткен жылдармен салыстырғанда Сирияға кетіп жатқандар жоқ. 
Дін рухани қазына, алайда қазіргі заманда бізге қандай дін керек  деген сұрақ туындайды. 

Бізге білім мен ғылымға негізделген дін қажет. Осы кезде білім іздеп, ғылым үйренем деген жанға жол ашық. Елімізде азаматтардың сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осы мүмкіндіктерді толығымен пайдаланып, жан-жақты білім алудың өзі құлшылық екенін жастардың санасына сіңіру керек. 

Жалпы адамзат тарихында діни сенім мен ғылыми таным қашанда қатар жүрген. Біз бүгінде ғылым мен білім, жаңа технологиялар көз ілестірмес қарқынмен дамыған заманда өмір сүрудеміз. Бұл көштен артта қалмаудың бір амалы – әсіредіншілдік, керітартпалық пен жат ағымның жасырын ниетті идеологиясынан арылу. Жат ағым идеологиясымен санасы уланған жастарымыз ата дәстүрді, төл тарихымызды, мәдениет, өркениет, ғылым мен білімді қажет етпей тәрк ету арқылы қоғамнан оқшауланып, ортағасырлық артта қалушылық күйге түсуде. Соның салдарынан теріс пиғыл­ды ағымдар дәстүрлі ислам іліміне, ұлт­тық ауызбіршілігімізге сына қаққысы ке­летіндей. 
Жете түсінгенге ислам діні ешқа­шан ғылымға қарсы болмаған. Кері­сінше оны әрдайым қолдаған. Қазіргі ғылымның дамуына мұсылман ғалым­дардың «алгебра», «алгоритм», «цифр» терминдерінің қалыптасуына, механика, оптика, астрономия, медицина саласының қалыптасуына қосқан үлесі зор. 

Егер жастарымыз дінді жақсы түсініп, Құранға құлақ асса дін төңірегінде орын алып отырған келеңсіз жайттар орын алмай, ғылымда шарықтап, мәдениетте өркендей түсеріміз анық. Алайда  Құран қағидаларынан алшақтап, көзсіз еліктеп, тегінен адасып, қастерлі ұғымдардың қадірі кеткенде кері кету басталады. Ғылым, білім артта қалып, сауатсыздық белең алады. Артта қа­лу діннің керітартпалығынан емес, кері­сін­ше діннен алшақтауда, Құранның өміршең қағидаларын жаңа өмірге сай дұрыс түсіне алмауында.

Мәселен, дінге тек намаз, ғибадат, құлшылық деп қана қарамай, оған өмір, өнер, ғылым деп қарау керек. Ақылға, санаға, ойға еркіндік беріп, білім мен мәдениетті тең алып жүру керек. Абайша айтсақ, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»,  дегендей радикализмнен алшақ болып, адамсүйгіштікке жетелейтін идеяны дамыту керек.
Бүгінде әлемнің өзге өңірлері қарқын­ды дамып жатқанда, көптеген мұсылман елдерінің көштің соңында қалуы анық байқалады. Оның себебі мұсылман мем­ле­кеттері білім мен ғылымға көп көңіл бөлмеуінде дер едік. 
Біз Исламның болмысын бейбітшілік пен мейірімділіктің, төзімділік пен әді­лет­тіліктің, білім мен ғылымның діні ретінде қалыптастыруға баршамыз бірге күш салуға тиіспіз. 

Осы турасында, жақында өткен ИЫҰ отырысында  Елбасы Н.Назарбаев: «Қазір дамудың жаңа ұйымдастырушылық сатысына өтуге бізге мүмкіншілік бар. Мұны пайдалануымыз керек. Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мынадай жолдар бар: «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, Алла тағала оның жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Таң сәріден ғылым ізденуге және оны оны зерттеуге шығу 100 рәкат намаз оқудан да артық». Осы­ған байланысты бізге нақты іс-қимыл жоспары қажет. Оның шеңберінде заманауи даму мәселелері жөнінде Ислам ынтымақтастық ұйы­мының арнайы кеңесін құруға болар еді. Ортақ ғылыми-инновациялық қор құрған дұрыс деп ойлаймыз», деді.

Ғылым мен технологияның дамуы тек бейбітшілік пен тұрақтылық сақтал­ған жағдайда ғана мүмкін екендігін әсте естен шығаруға болмайды.

Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) бір хадисінде: «Нағыз мұсылман басқаларға тілмен де, қолмен де жапа шектірмеген адам», дейді. Шын мұсылманның бейнесі сылдыр сөзінен емес, оның ісінен көрінуі тиіс. Шынайы мұсылман білімді, интеллектуал, өз ісінің шебері, төзімді, өзгені құрметтейтін адам болуы керек.


Айдар ӘБУОВ, 
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

«Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті

18.06.2018

Маңғыстау облыстық филармониясында дәстүрлі ән-күй кеші өтті

18.06.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

18.06.2018

Павлодарда «Победа» ЖШС-де дуальды білім беру орталығы ашылды

18.06.2018

Пойыздардың соқтығысуы туралы ақпарат жалған - Жеңіс Қасымбек

18.06.2018

Қыздар Университетінде әлемдік ұйымның өкілдігі ашылады

18.06.2018

Рим қаласында қазақ фильмдері көрсетілді

18.06.2018

Павлодар облысында 200 кәсіпкерге 2,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген

18.06.2018

«Қазақфильм» мен «Беларусьфильм» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

18.06.2018

Алматыда түлектер фестивалі өтті

18.06.2018

Қалдыбек Сәбденұлының «Қазақтың қасиеті мен киесі» атты еңбегінің тұсауы кесілді

18.06.2018

2019 жылдың күзіне дейін 5 000 орындық студенттік жатақхананы пайдалануға беру көзделген — Б. Асылова

18.06.2018

Б. Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК-ның вице-президенттерімен кездесу өткізді

18.06.2018

Түрколог ғалымдарға TWESCO алтын медалі табысталды

18.06.2018

Биыл ҰБТ сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңарды - Рамазан Әлімқұлов

18.06.2018

Қызылордада «жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

18.06.2018

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды

18.06.2018

Оралда республикалық өлкетанушылар форумы басталды

18.06.2018

Солтүстік Қазақстан облысында  аудан әкімі тағайындалды

18.06.2018

Солтүстік Қазақстанда жұқпалы ішек аурулары инфекциясы өршіп тұр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?

Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу