Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2017

Астанаға 27 қыркүйектен бастап жылу беріледі

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала басшылығы мәлімдегендей, қазіргі уақытта астананың энергия көздері, инженерлік желілері мен тіршілік етуді қамтамасыз ету нысандары 2017/18 жылдардағы жылу маусымын бастауға дайын.

Астанаға 27 қыркүйектен бастап жылу беріледі

Астана қаласындағы Жылу маусымын өткізу қағидаларын бойынша сыртқы ауа температурасы орташа +10 °С және одан да төмен болғанда бес тәулік ішінде жергілікті  атқарушы органмен жылу маусымын бастау туралы шешім қабылданады. Осы қағидаларға сәйкес, осы маусымда жылуды қосу мерзімі 27 қыркүйекте басталады. Алайда сыртқы ауаның оң температурасыны өсуімен бұл мерзімдер түзетілуі мүмкін.

Дегенмен қазіргі уақытта әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарына (балалар бақшалары, мектептер, басқа балалар және оқу орындары, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандары) жылу берілді. Қала әкімдігі ПИК өтінімі бойынша дайындық паспорттары болғанда жеке үйлерге де бір уақытта жылу беруге дайын.