Футбол • 26 Қыркүйек, 2017

Ақсайлықтарға тарту

352 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Компания дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосты

Ақсайлықтарға тарту

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» (КПО) компаниясы 16 қыркүйекте Ақсай қаласында құрылысы аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарлама аясында жүзеге асқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені табысты іске қосылғаны туралы мәлімдеді.

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкі­мі Ал­тай Көлгінов, Бөрлі ауданы­ның әкімі Алдияр Хале­лов, КПО бас­ ди­ректоры Ренато Маро­ли, мер­дігер ұйым­дар мен қауым­дастық өкіл­дері қатысты. 

Өз сөзінде КПО бас директо­ры Ренато Мароли жаңа спорт нысанының ашылуымен Ақсай­дың барлық тұрғындарын құт­тық­­тай келе, оның құрылысы КПО мен Батыс Қазақстан об­лы­­сы­ның басшылығы арасында қалыптасқан жемісті ын­ты­мақтастық пен се­рік­тестік қа­­­­­­рым-қатынастың арқа­сында са­лынғанын атап өтті. 

Оның айтуынша, КПО нысанын іске қосу айтулы күндерге: Қарашығанақ өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімге (ӨБТК) қол қоюдың 20 жылдығы және Бөрлі ауданының әкімшілік орталығы мен бірегей Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының орталығы – Ақсай қаласының 50 жылдығына орайластырылған.

«Осы кешен Ақсай тұрғын­дарының денсаулығын түзеуге және бос уақытында спортпен шұ­ғыл­дануға арналған танымал орталыққа айналады деп үміт­тенеміз, – деді Ре­нато Мароли. – Тұрақты даму және әлеуметтік-жауапты серік­тес­тікті қолдап келе жатқан КПО ком­паниясы Батыс Қа­зақ­стан облысы мен жалпы Қа­зақ­стан тұр­ғын­дарының игілігі үшін жаңа белестерді бағын­дыратын болады».

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жалпы ауданы 4,6 гектарды құрайды және Ақ­сай қаласының орталық бөлігін­дегі үш қабатты ғимаратта ор­наласқан. 

Кешеннің өзі футбол алаңы­нан, 1200 орындық трибунадан және жүгіру жолынан, сондай-ақ бас­кетбол, волейбол, теннис, яд­ро лақтыру мен сүңгі ату­ға арнал­ған ашық алаңдардан, бокс­пен шұғылданатын залдардан тұрады. Жоба аясын­да жалпы абаттандыру және ке­шен аумағын көгалдандыру жұмыс­тары жүргізілді. 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өз сөзін­де «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастар арасын­да саламатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ жоғары жетістіктерге жет­кі­зетін спортты дамытумен қа­тар, тұрғындардың дене шы­нық­тыру және спортпен белсен­ді шұғылдануына арнал­ған­ қажетті жағдайлардың бар­лы­ғын жасаудың айрықша маңыз­дылығын атап өтті. Сон­­­дық­тан спорт өміріміздің негі­зі, өскелең ұрпақ үшін де негіз болуға тиіс. Бүгінгі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы – кәсіби спортшылар үшін де, спортты сүйетін әуесқойлар үшін де айтулы оқиға», деді. 

Сондай-ақ ол: «Қала тұр­ғын­дары бұл кешеннің лайықты бағасын береді және осындай нысандар бізде тағы да пайда болатынына сенімдімін, мұндай нысандар қазіргі кезде өте қа­жет, өйткені өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және дамытуға бағытталған»,  деп атап айтты. 
Бұдан басқа, қала мерей­тойы қарсаңында КПО әлеумет­тік бағдарлама аясында жүзеге асырған Ақсай қаласының Мәме­това және Темір жол көшеле­рін­дегі, Садовая көшесінен Запад­­ная көшесіне дейінгі аралық­ты күрде­лі жөндеу жұмыстары аяқ­тал­ды. Сондай-ақ Орал қаласында қа­ла саябағының оң жағалауын абат­тандырудың екінші кезеңі аяқталған болатын.

КПО жыл сайын Батыс Қа­зақ­стан облысында көптеген әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. Жо­балардың тізбесі мен басым­дылығы өңір басшылығы тарапынан белгіленеді. Осы бағдар­лама аясында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарының құрылысы іске асырылады, сондай-ақ бар­лық осы жобалар тек қана қазақ­стандық мердігерлерді тарту арқылы орындалып отыр. Өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға КПО салған инвес­тициялардың жалпы сомасы бүгінде 318 миллион АҚШ долларын құрайды. 

Компанияның аймақты дамы­ту­ға қосып келе жатқан үлесі Қа­зақ­стан Үкіметі тарапынан лайықты бағалануда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнін­дегі республикалық конкурста КПО «Парыз» сыйлығымен екі­ мәр­те марапатталды, сонымен қатар «Ең озық әлеуметтік жо­ба» аталымы бойынша күміс «Парызды» алды. 

Арман ҚҰСАЙЫНОВ

Батыс Қазақстан облысы,
Ақсай қаласы