Жыр додасына еліміздің әр өңірінен сегіз ақын қатысып, бақтарын сынады.
Айтысты Аманжол Әлтаев жүргізіп, Қойлыбай Асанов, Алмас Алматов, Баянғали Әлімжанов қазылық етті. Сөз сайысының қорытындысы бойынша Бірінші орын Сара Тоқтамысова бұйырды. Екінші орынды Өміржан Көпбосынов (Қарағанды) қанжығаласа, үшінші орынды Серікзат Дүйсенғазин (Астана) мен Тілеген Әділов (Қарағанды) өзара бөлісті.
Қатысқан ақындарға арнайы жүлде мен сый-сияпат табыс етілді.