Енді Марат Жыланбаевтың ізін жалғастырушылар Батыс Қазақстан облысындағы Бостандық ауылынан шықты. 20 қыркүйек күні бостандықтық Еділжан Қосболов пен Мержан Серіков Жалпақтал ауылынан Бостандық ауылы арасындағы 47 шақырым қашықтықты 4 сағатта бағындырды. Таңғы сағат 6.00-де жүгіруді бастаған олар 10.00-де Бостандық ауылына келіп жетті. Осындай марафоншы жігіттерді Бостандық ауылының тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды.
Бұның өзі ауданымызда елдің атын шығарар спортшы жастардың көп екенін байқатады. Тек соларға уақытында қолдау болып жатса, болашақта марафоннан ғана емес, басқа спорт түрлерінен де рекордшылар табылатыны сөзсіз. Сондықтан Еділжан мен Мержанға Марат Жыланбаевтай Гиннестің рекордтар кітабына есімдерің жазылсын деген тілегімізді оқырмандар атынан білдіреміз!
Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы