Спорт • 30 Қыркүйек, 2017

"Астана" баскетболшылары "Азия Чемпиондары кубогінің" қола медалін алды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астана" баскетболшылары Қытайда өткен "Азия Чемпиондары кубогінің" қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

"Астана" баскетболшылары "Азия Чемпиондары кубогінің" қола медалін алды

Үшінші орынға талас кезінде қазақстандық клуб ирандық "Петрохим" - 81:78 есебімен жеңді. "Астана" баскетболшылары бірінші, екінші және төртінші кезеңдерде басымдылыққа ие болды, ал үшінші кезеңде тең ойын болды.

Айта кетейік, "Астана" клубы - "Азия Чемпиондары кубогінде" медальға ие болған қазақстандық бірінші команда.