Аймақтар • 01 Қазан, 2017

ОҚО-да бір тонна бауырсақ пісірілді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы күнінде Наурыз алаңындағы думанда бауырсақ пісіруден абсолюттік рекорд жасалды.

ОҚО-да бір тонна бауырсақ пісірілді

Қала күні барысында Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының (Гиннестің рекордттар кітабының қазақстандық нұсқасы) жаңа рекорды тіркелді.

«Алтын дән» компаниясының дем беруімен жергілікті үздік 20 аспаз 1139 келі бауырсақ пісірді. Жаңа рекорд орнатылып, арнайы комиссияда тіркелгені жайлы сертификат рекорд орнатушыларға табысталды. Бұған дейінгі рекорд Алматыда тіркеліп, онда 856 келі бауырсақ пісірілген еді. Облыстағы рекордты орнату үшін 750 келі ұн, 400 литр май, 60 келі қант пен 150 литр сүт жұмсалды. Бір тоннадан астам бауырсақ 10 қазанда пісірілді. Салмағы таразыға өлшеншен соң бауырсақ қағаз қалталарға салынып, жұртқа таратылды. Мерекелік думанға 30 мыңнан астам адам қатысты. Кеш соңы гала-концертке ұласты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ.