Аймақтар • 02 Қазан, 2017

Атырауда күй күмбірлеген кеш өтті

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Арман Жүдебаевтың шығармашылық кеші өтті.

Атырауда күй күмбірлеген кеш өтті

Түркештің «Көңіл ашар» күйі­мен басталған өнер мерекесі көрер­мен­ге ерекше әсер сыйлады. Облы­сы­мыз­дағы Дина Нұрпейісова атын­да­ғы академиялық халық аспаптар оркестріне дирижерлік еткен Ар­ман Жүдебаевтың шығармашылық ше­бер­лігі атыраулықтарды тәнті етті. Құрманғазы мен Динаның, Ықы­ластың, Нұрғиса Тілендиев пен Айтқали Жайымовтың, Қаршыға Ахмедияровтың күйлері Жайық жаға­сында салтанат құрды. Шетел классиктерінің шығармаларымен бірге, отандық композиторлардың әндері де орындалды. Оркестрдің сүйемелдеуімен концертке келген көрер­мен қосыла ән шырқады. 

Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Бүгінде Құрманғазы ор­­кестрінің алғашқы қарлығаштары, ең бірінші домбырашыларының жолын жа­ңа буын жалғап келеді. Солардың ара­сында Арман Жүдебаевтың да есімі мақтанышпен айтылады» деп атап өтті.

Белгілі дирижер Атырауға сапары аясында аймақтағы халық аспаптар оркестрлерінің көркемдік жетекшілері мен дирижерлеріне шеберлік сабақ­та­рын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»