02 Қазан, 2017

Павлодарда «President» атты сары май шығарылуда

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті сары майды Ресей нарығына жібермекші. Майға деген зәрулікке Еуроодақтың санкциялары себеп болғандай. 

Облыс орталығындағы «Сүт» АҚ-ның сары май шығаратын желісі іске қосылып, инвестициялық жоба жүзеге асты. Кәсіпорынның май шығаруға арналған жобасы 3 жыл бойы дайындалыпты. Біріншіден, жергілікті өнімнің өзімізде жасалып шығуы жасалуы кәсіпорынға ғана емес, өңірдегі шаруа қожалықтарына, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашады. Өңірде май жасайтын сүт жетеді. Құрал-жабдықтар сағатына 1 тонна май дайындайды. Ал, «President» майы үшін пайдаланатын сапалы сүтті өңірдегі  «Победа», «Агро-Даму», «Ивановское» және басқа серіктестіктер бере алды. Мамандар мұны  сапасы жоғары сүт болғанда ғана,кәсіпорын толық қуаттылықта жұмыс істей алады дейді. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия нәтижесінде инвестициялық жобаны жүзеге асты. Жалпы, 2007 жылдан бері компанияға тартылған инвестиция көлемі 12,7 млрд. теңгені құрады.  Ал, «President» майын шығару үшін 305 миллион теңге жұмсалған. Алдағы айларда Павлодар ауданының Киров ауылында жаңа ферма ашылмақ. Кәсіпорын енді жылына 400 тонна май шығаратын болады.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар