
Әкім сондай-ақ өңірде индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы шеңберінде инвестициялар көлемі 1,1 трлн теңгені құрайтын 35 жоба жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Бұл 8412 жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек. Ал биылғы жылы 1323 жұмыс орнын құруға жағдай жасайтын 8 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Олардың инвестициялар көлемі 271,0 млрд теңгені құрайды.
Б.Бақауов сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлердің белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті. «Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,5 пайызға артты, олар шығаратын өнім көлемі 1,3 есеге артты. Жалпы, Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға 4,2 млрд теңге бөлінді» деді әкім.
Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»