Әкімнің мәлімдеуінше, облыста салынып жатқан тұрғын үйлердің негізгі бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатыр. Сондай-ақ әкім жеке тұрғын үй секторын дамыту бойынша да жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Облыста жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтар белгіленіп, ол жерге инженерлік инфрақұрылымдарды тартылып жатқанын айтты. Ағымдағы жылы ауылдарды көріктендіруге 11 млрд теңге бағытталғанын да жеткізді.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында облыс әкімі білім саласының да жетістіктерін айтып берді. Ағымдағы жылы тұңғыш рет мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд теңге бөлінді. Жаңа оқу жылына қарай 118 білім беру нысанында 1,9 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы облыстың барлық мектептерінде шахмат үйірмелері ашылды. Павлодарлық оқушылар республикалық пән олимпиадаларында 55 жүлделі орындарға ие болып, облыстар арасында жүлделі екінші орынға тұрақтады. Павлодар облысы ҰБТ бойынша да орташа 91,77 ұпаймен екінші орынды иеленді», деді әкім.
Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»