«ҚазТрансГаз» АҚ және «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында сатып алу-сату шарты жасалды». Газды экспортау жұмыстары 15 қазаннан басталады деп жоспарланып отыр. Газ өндірісінің ресурстық базасы Қазақстанның батысынан және «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жерасты қоймаларындағы газ қорларынан алынбақ.
Қытай тарапынан газды қабылдау орны ретінде «Қорғас» шекара бекеті анықталды», делінген компания хабарламада.
«ҚазТрансГаз» ҰК АҚ-ның газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, қазақстандық газды тасымалдаудың экспорттық және транзиттік бағыттарын әртараптандыру, сонымен қатар, көгілдір отынды экспорттау көлемін арттыру - Қазақстан Президенті қойған негізгі стратегиялық талаптардың бірі.