– Құрамаға жаңа бапкердің келуі – жаңа өзгерістеді, жаңа бағытты алып келеді. Және футболымыздың дамуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Румыния футболының жаңа дәуірін жеңіспен бастауымыз қажет. 2018 жылғы әлем чемпионатына шыға алмасақта, ФИФА рейтингінде жоғарылау үшін бүгінгі ойында жеңіске жетуіміз керек.
Еске сала кетейік, ұлттық құрама футболшылары 5 қазанда футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты асында сырт алаңда Румыния құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан» –
Бухаресттен