Қазақстан • 04 Қазан, 2017

Чемпиондар Маңғыстау облысы әкіміне былғары қолғап сыйлады

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкiмi Ералы Тоғжанов бокстан әлем және олимпиада чемпиондарымен кездестi. Басқосуға облысымыздың спорт ардагерлері мен осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер және үздік спортшылар, сондай-ақ, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды egemen.kz тілшісіне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Чемпиондар Маңғыстау облысы әкіміне былғары қолғап сыйлады

-Сіздер әлемдiк спорт аренасында елiмiздiң беделiн арттыруда үлкен үлес қосып жатырсыздар. Н.Ә.Назарбаев халықтың денсаулығының кепілі бұқаралық спортты дамытуға баса мән береді. Бұқаралық спорт - ұлт саулығының кепілі. Сондықтан, сіздердің көрсеткен жетiстiктерiңіз өсiп келе жатқан жеткiншектер үшiн айқын мысал. Биік белестерді бағындырып, ел атын шығару жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін, - дедi облыс әкімі Е.Тоғжанов.

Жиынға Серік Әбдіналиев, Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов, Ердос Жаңабергенов, Лебзяк Александр, Рустам Саидов сияқты спорт шеберлері қатысып, облыс әкіміне жастарға мол мүмкіндік жасап отырғаны үшін алғыс айтып, өңір басшысы Ералы Тоғжановқа былғары қолғап сыйлады. 

Бүгін Ақтауда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бокстан Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Х халықаралық турнирінің салтанатты ашылуы болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы