Әлем • 07 Қазан, 2017

Қырғыз вице-премьері жол апатынан қаза тапты

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасы премьер-министрінің орынбасары Темір Жұмақадыров Талас облысында болған жол апатында қаза болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Қырғыз вице-премьері жол апатынан қаза тапты

Бұл жайлы Қырғызстанды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, елдің рухани және интеллектуалдық әлеуетін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру кезінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді.

Онымен бірге көмекшісі Нұрлан Жамгырчиев пен жүргізуші де ажал құшты. Қайғылы оқиға Бішкек-Қара Балта автожолының 36 шақырымында, Садовое ауылының маңайында болған. Вице-премьер мінген жол талғамайтын көлік тіркемесі бар КамАЗ-бен соқтығысқан, жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.