- Көбісі алдағы ойынның біз үшін маңызы жоқ деп айтып жүр. Дегенмен, біз өз алаңымызда ойнаймыз және бар күшімізді салып, жеңіске жетуге тырысамыз.
- Румыниядағы қиын сапардан кейін қалыпқа келіп үлгердіңіздер ме?
- Қалыпқа келуімізге аз ғана уақыт болды. Кеше жаттығу өткіздік. Қазірше бәрі ойдағыдай. Қазақстан чемпионатындағы ойын кестесінің арасы тығыз қойылған. Меніңше, ертеңгі ойынға 100 пайыз дайын боламыз.
- Ертең алаңға бірінші минуттан бастап шығамын деп ойлайсыз ба? Қанша дегенмен өткен ойында гол соқтыңыз ғой?
- Әр ойыншы өз алдына ұлттық құрамаға ойынымен көмек беруді ойлап тұрады. Менің бар ойым – құраманың жеңіске жетуіне көмектесу.
- Ертеңгі ойында ұлттық құраманың негізгі ойыншылары алаңға шыға алмайтын секілді?
- Бұл ұлттық құрама. Командаға өз клубындағы ең үздік деген футболшылар шақырылады. Сондықтан біз бір-біріміздің орнымызды ауыстыра аламыз.
- Армения құрамасының деңгейі біздің құрамамен бірдей дегенге келісесіз бе?
- Осы іріктеу кезеңде Армения айтарлықтай ұпай жинаған жоқ. Футболда жеңілмейтін команда жоқ. Ертеңгі ойында үш ұпай иеленетін мүмкіндік болады деп үміттенемін.
- Бас жаттықтырушы Александр Бородюк Румынияға қарсы ойында футболшыларға жылдамдық жетіспеді деді. Келісесің бе?
- Келісемін, расымен бізге жылдамдық жетіспеді. Бас жаттықтырушы ойыннан кейін бізге бірнеше қателіктерімізді көрсетті. Бұйырса, қателіктерден сабақ алып, ертеңгі ойында жанкүйерлерді қуантамыз деген үміттемін.