Халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар өткізуге арналған нысанды өңірдегі ірі құрылыс компаниясы өз қаржысына тұрғызған. Кешен «Туған жер» республикалық форумы кезінде ашылды. Аумағы 6 мың шаршы метр болатын зәулім сарайында бокс, дзюдо, еркін күрес және тағы да басқа жекпе-жек түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Ол үшін бар жағдай жасалған. Жаттығу залдары мен спорт үйірмелерінен бөлек, сырттан келетін спортшыларға асхана мен демалыс бөлмелері де қарастырылған. Ал спорттық сайыстарды 800-ге жуық көрермен тамашалай алады.
- Жақын арада ересектер арасындағы әлем чемпионатында Парижден екінші орын алдым. Спортшыларға көп көмек көрсетіп жатыр. Осыдан кейін қалай шықпасқа. Залда күрес түрі бар, бокс түрі бар, бәрі бар, алдағы уақытта балалар топ жарады деп ойлаймын, - деді грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Мейрамбек Айнағұлов.