Қазақстан • 09 Қазан, 2017

Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады

1173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер минис­трлігі Қырғызстан БАҚ-тарында тара­тылған 2017 жылғы 7 қазандағы Қырғыз Рес­публикасының президенті А.Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдірді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайтынын атап көрсетті. 

«Қырғызстан президентінің сайлауалды ­мақ­сатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көп ғасырлы ­байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз. Қазақстан тарапы қырғыз халқымен ­дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолына берік болып қала береді», делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ­мәлім­де­месін­де.