Аймақтар • 13 Қазан, 2017

Атырауда республикалық жастар слеті басталды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 «Қазақстан жастары конгресінің» 15 жылдығына арналған шараға еліміздің әр өңірінен жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері, жас депутаттар, спортшылар, блогерлер, сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер шақырылды. Қазақстан жастар конгресі Кеңесі төрайымы Дариға Назарбаева, Олимпиада жүлдегері Василий Левит, танымал тележүргізуші Сәнді Сұлтан құрметті қонақ ретінде қатысады.

Атырауда республикалық жастар слеті басталды

Үш күнге созылатын слет жұмысында жастарды толғандыратын сауалдар талқыға түседі, түрлі тренингтер мен шеберлік сыныптары, кездесулер, көше субмәдениеті фестивалі жоспарланған.

Қазақстан жастар конгресі 2002 жылы Елбасы бастамасымен ашылды. Бүгінге дейін «Жасыл ел» бірыңғай еңбек жастары ұйымы, «Жас Ұлан жасөспірімдер ұйымы, «Студенттер алянсы» сынды көптеген ұйымдар құрылды. Конгрестің атқарушы директоры Айдын Сәбитов: «Биыл әскери-патриоттық бағытты айрықша назарға алып отырмыз, - дейді. – «Жас қару» патриоттық ұйымы жұмысын бастады. Тағы бір жаңалық – дүниежүзілік банктің грантын жеңіп алдық. Ауыл жастарының бастамаларын қолдауды мақсат етіп отырмыз. Жалпы еліміз бойынша 106 конгрестік ұйым бар».

Республиканың түкпір-түкпірінен Жайық жағасына жиналған 300-ге жуық жас слет жұмысына белсенді қатысып, таным көкжиектерін кеңейтпек. Ал ертең Дариға Назарбаева бастаған слет қатысушылары ҚР Ұлттық гвардиясының №5546 әскери бөлімшесіне барады. Пленарлық мәжіліс, түнгі алау жанындағы бейресми кездесу, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесу, ашық диалог алаңы сынды шаралар да жоспарланған. Слет "Жаңа дем» экологиялық акциясымен қорытындыланады.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ.