Сайлау науқанына 16 партия қатысуда, олардың 10-ы федеральдық деңгейде, деп хабарлайды Deutsche Welle порталы.
БАҚ мәліметтерінше, 6,4 миллион австриялық сайлаушы дауыс береді. Сайлау алды бәсекеде бірнеше ай бойы консервативтік Австрия халықтық партиясының көшбасшысы Себастьян Курц алда болды.
Бірақ канцлер Кристиан Керн басқаратын Австрия социал-демократиялық партиясы да жұртшылыққа кеңінен танымал.
Алғашқы алдын ала деректер бүгін кешке мәлім болады. Ал дауысты соңғы қорытынды есептеу 19 қарашада аяқталады.