Университеттің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, арнайы құрылған топ сәуір айынан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ақпараттық, оқыту-тәрбиелік, ғылыми бағыттары бойынша жұмыс жасап келеді.
«Туризм», «География», «Экономика» және «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін «Жетісу тарихы», «Тарихи өлкетану» және «Тарихи туризм» секілді элективті пәндер енгізілген.
Сонымен қатар, Жетісу өлкесінің киелі орындары негізінде тарихи нысандар каталогы әзірленуде.
«Тағы бір қолға алынған іс туралы айтар болсақ, дұрыс жазу және айту үшін латын графикасына көшу бойынша арнайы курстар ұйымдастыру жоспарлануда», - деп атап өтті М.Төлеген.