17 Қазан, 2017

«Даму» қоры «Тө­мен­ кө­міртекті дамуға арналған орнықты қалалар» жобасын іске асырады

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен Қа­зақ­стан Республикасының Ин­вестициялар және даму министр­лігі арасында, Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы Біріккен Ұлттар Ұйы­мы Даму бағдарламасының қар­жы­лық қолдауына сүйене отырып, энер­гияны үнемдеу саласындағы мәселелермен айналысып жатқан  кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары жөнінен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл туралы Орталық ком­муникациялар қызметінде өткен баспасөз мәс­лихатында Қа­зақ­стан Рес­пуб­лика­сындағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілі­нің орын­басары Мунхтуя Алтангерел әңгі­мелеп берді.

«Даму» қоры «Тө­мен­ кө­міртекті дамуға арналған орнықты қалалар» жобасын іске асырады

Спикердің сөзінше, келісімшарт энергияны үнемдеу саласындағы ин­вестициялық жобаларға қол­дау көрсету механизмін қалып­тас­тырудың жемісі болып отыр.

«БҰҰ Даму бағдарламасы әрі Қа­зақ­стан Республикасы бірлесіп «Тө­мен­ кө­міртекті дамуға арналған орнықты қалалар» жобасын іске асыруды қолға алған болатын. Жоба 2020 жылға дейін ат­қарылады. Біз аталған жобаны қазіргі уақытта Қа­зақ­станның 7 қаласын­да, дәлірек айтқанда Қостанай, Лисаков, Шым­кент, Ақтөбе, Теміртау, Орал, Тараз қалаларында қанатқақты жобада жүзеге асыратын боламыз. БҰҰ Даму бағдарламасы жобаның қаржылық индикаторларын жетілдіру әрі оның өз-өзін өтеу мерзімін азайту үшін төменкөміртекті жобаларды іс жүзіне асыруға қарыз бөлуге көмек­қаржы төлеу, дәлірек айтқанда ко­м­мер­циялық несиенің 10%-дық банктік мөл­шерлемесін жабу механизмін сынақтан өткізетін болады. Мысалы, несие бойынша банк мөлшерлемесі орташа мөлшермен 15% болса, Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Даму бағдар­ла­масы қаржылық көмегі шарасы­нан пайда көретін тарап үшін мөлшерлеме 5%-ды құрайтын болмақ. Бұл Еуропа елдеріндегі жобалар қойылымдарымен деңгейлес болып саналады», деп атап өтті  Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.