Қазақстан • 17 Қазан, 2017

ЕҰУ-да ҚХА-ның ұйымдастыруымен халық­аралық дөңгелек үстел өтті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйым­дас­тыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы – азаматтық біре­гей­лікті қалыптастырудың рухани құралы» тақырыбындағы халық­аралық дөңгелек үстел өтті. 

ЕҰУ-да ҚХА-ның ұйымдастыруымен халық­аралық дөңгелек үстел өтті

Алқалы жиынға алыс-жақын шетелден арнайы шақырылған қонақтармен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері мен ҚХА өкілдері қатысты.

Кіріспе сөз сөйлеген ЕҰУ проректоры Серікжан Қанаев дөңгелек үстелге қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, елордадағы еңселі оқу ордасында атқарылып жатқан шаралармен бөлісті. Сонымен қатар проректор ұлтаралық бірлікті нығайтудағы Қазақстанның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырыпқа сай ойларымен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды. Еуразия халықтары Ассамблеясының жауапты хатшысы Л.Трунина бастаған бірқатар құрметті меймандар баяндама жасап, қызу пікір алмасу болды. Сонымен қатар Еуразия ұлттық университетінің ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғ.Шалахметов, «Қырғызстан-Астана» қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Ис­маилов, түрік этномәдени орталығының төрағасы А.Пириев жиынға қатысу­шы­ларға баяндама жасады.

Кездесуде ұлтаралық және конфес­сиялық бірлікті нығайтудағы Қазақстан мен ҚХА тәжірибесі сөз болып, шет­елден келген сарапшылар еліміздің еңбегін жоғары бағалады. Елбасы Н.Назарбаевтың осы мәселе жөнінде атқарған жұмыстары кеңінен айтылды. Жиынға қатысушылар ҚХА-ның шынайы пікірталас трибунасы мен саяси платформаға айналғанына тоқталды. Сондай-ақ ЕҰУ-да ашылған ҚХА кафедрасының рөлі мен қызметіне айрықша баға берілді.

Аталған шараға Ресей Мемлекеттік Ду­ма­сының депутаты Светлана Смир­нова бастаған Ресей халықтары Ассам­блеясының, Еуразия халықтары Ассам­блея­сының, ҚХА этномәдени бірлестік­терінің өкілдері қатысты.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»