Бұл жиында ертең жұңғо жұртының астанасында өтетін жалпыхалықтық құрылтайдың мән-жайы пысықталуда. Бұл мәслихат барысы Қытай теледидарынан тікелей эфир арқылы көрсетілуде.
Съезд жұмысынан ақпарат таратуға барлығы 3068 журналист жиналған. Оның ішінде 1818 шетелдік БАҚ өкілдері бар.
Жалпы саны 2287 делегет қатысатын съезд ертең таңертең жұмысын бастайды.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
ҚХР