Өткен демалыс күндері Аргентина халқы сенат мүшелерінің үштен бірін және төменгі палатаның жартысын таңдады. Бұл іске 33 млн тұрғынның 78%-ы қатысты. «Камбьемос» президентінің коалициясы кемінде 24 облыстың 12-не иелік етіп отыр. Олардың қатарында ел астанасы Буэнос-Айрес те бар. Осының нәтижесінде 42% жинады.
Президенттің жақтастары үшін оның әріптесі Эстебан Буллрихтің бұрынғы мемлекет басшысы Кристина Киршнерді жеңуіе басты оқиға санап отыр. Екеуі ел астанасында сайлауға түсіп, сенатқа өтті. Алайда сайлаушылардың тек төрт пайызы ғана президенттікке кандидат үшін дауыс берді.
«Бүгінгі буын тарихты өзгертеді. Бұл тек басы ғана», – деді Эстебан Буллрих.
Енді Маурисио Макри 2015 жылы уәде еткендей реформаларды, соның ішінде еңбек және салық заңнамасындағы өзгерістерді жүзеге асыруға міндетті. Олардың айтуынша осыған дейін экономикалық дамуға кедергі келтіріліп келген.
Ал Кристина Киршнердің сенат сайлауында жеңіске жетуі маңызды. Себебі, бұл жеңіс оны қылмыстық қудалаудан аман алып қалмақ. Себебі қазіргі ел билігі Киршнерге қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған «отанын сатты» деген айып тағылып отыр. Тергеу жұмыстары оң нәтижесін берсе Кристина Киршнер 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал экс-президенттің өзі мұндай айыптаумен келіспей отыр.
Кристина Киршнер мемлекет басшысы лауазымында 2007-2015 жылдары отырған.